Терроризм қаупі

Бірігіп күреспесек, қайғы-қасірет шегуді жалғастырамыз.

Терроризм қаупі

Терроризм адамзат тарихы секілді ескі бір ауру ретінде жалғасып келеді, өкінішке орай. Адам пайғамбардың бір ұлы Қабылдың інісі Абылды өлтіруімен басталған террор бүгінге дейін келіп жетті.

Алғаш адам секілді ескі болып табылатын терроризм өкінішке орай,  кей-кейде адамдардың өмірін кепілге де алды.

Ялта келісімі арқылы құрылған әлемдік жүйеге 1960 жылдардан бері адамдар әрдайым қарсы шығып келеді.  Атақты 1968 жастар қозғалысымен Еуропа және батыс әлеміне де әсер еткен күш қолдану енді қайтадан әлемге билік құруға таяп қалды.

Жеке алғанда Ислам территориясы,  Африка және Латын Америкасының шекарасындағы терроризм бүгінгі күні жаһандық күш орталықтарына да қауіп бола бастады.

Терроризм Азия, Еуропа, Латын Америка және Ислам елдерінде премьер-министр деңгейінде адамдарды өлтіріп,  билік құруға тырысты.  Демократиялық Конго премьер-министрі Патрик Лумумба, Чили премьер-министрі Сальвадор Алленд,  Италия премьер-министрі Альдо Моро, Ливан премьер-министрі Саид Хариридің өлтірілуі осыған бірнеше мысал.

Соңғы рет бүгінгі күннің ең қауіпті жаһандық террор ұйымы, басшысы Америка Құрама Штаттарының Пенсильвания штатында тұратын Фетуллахшы террор ұйымы 2016 жылдың 15 шілде күні Түркия Республикасының президентіне қастандық жоспарлады.

Фетуллахшы террор ұйымының террористтері F16 бомбалаушы ұшақтар, тікұшақтар,  танк және зеңбіректермен 15 шілде күні түнде президент Ердоғанды алып қашып,  өлтіруге тырысты. Түрік халқы жүздеген шейіт, мыңдаған жаралы беріп, басшыларын қорғап қалды. Өліміне пидақорлықпен лидерлерін генерал және офицер униформасын киген террористтерге бермеді.

Түркия осыншама үлкен лаңкестікпен бетпе-бет қалғанда,  одақтасы болып табылатын батыс клубы өкінішке орай,  көп уақытқа дейін үнсіз қалды.  Ұлыбританияны есептемегенде.  Ресей президенті Владимир Путиннен кейін Фетуллахшы террористтердің қырғын мен төңкеріс әрекетіне бірінші наразылық білдірген жалғыз одақтас ел Ұлыбритания болатын.

Қызығы, Фетуллахшы террористтер бомбалаушы ұшақтар,  танк және тікұшақтармен түрік халқына оқ жаудырған түні артынан АҚШ президенті Трамптың кабинетінде орын алған Майк Флин террористтерді мақтап жатқан еді.

Сол кездегі АҚШ билігіндегі Барак Обама үкіметі де түрік халқының осы террористтерді жеңгеніне таңғалғандай болатын.

НАТО болса одақтың ең берік және ең мықты одақтастарының бірі Түркиядағы осы лаңкестікке бірнеше күннен кейін үн қатты.

Түрік лидер Ердоған Фетуллахшы террор ұйымының террористтері өзін өлтіруге тырыспастан неше жыл бұрын терроризмге қарсы келіп, бүкіл әлемді осы тойтарысқа шақыратын еді.

Өкінішке орай, Түркияның осы шақыруына көптеген мықты ел құлақтарын жапты. Түркияда мыңдаған генерал,  офицер,  полиция,  әскер және қарапайым азамат өлтірген террористтер Түркияның одақтасы болып табылатын батыстық елдерді паналап келді. НАТО-да Түркияның одақтасы болып табылатын әрбір елде түрік азаматтарын,  әскерлері мен полицияларын өлтірген террористтер бүгін де тұрмыстарын жалғастырып,  емін-еркін жүр.

Берлин секілді Еуропа Одағына мүше елдердің барлығының бас қалаларында Түркияда жазықсыз адамдарды қырған қандықол террористтер тұрады.  Тіпті кейбір Еуропа Одағы елдері бұнымен де шектеліп қалмай,  Түркияда террорлық лаңкестік жасаған және көптеген адамның өліміне себеп болған немесе өлтірген кейбір террористтерге дипломатиялық төлқұжат берді деген көптеген ақпар бар.

Президент Ердоған Еуропа Одағына осы террор  қаупінің айналып келетінін көптеген мәрте ескертіп айтты.  Соған қарамастан ешбір еуропалық басшы мұны елемеді.  Еуропа саяси элитасы елемеген осы терроризм қаупі осы елдердің халықтарын да өз ықпалына алды.

Кеше Париж,  Берлин, Брюссель,  Лондон осы қатердің құрбаны болды.  Ертең қай қала құрбан болады деп барша уайымдап жүретін болды.  Осы уайым жұртшылықтың рационал қозғалуына да кедергі болады.  Мысалы өткенде Италияның Турин қаласында болған UEFA матчынан кейін шыққан дәйексіз бомба қауесеті паникаға жол ашып, 1500 адам жарақат алды.

Терроризмге осыншама құрбан берген Еуропа терроризммен арасына қашықтық салудың орнына әлі басқа елдерді айыптап отыр.

Мысалы 350 американдықты өлтірген террорлық ұйымның басшысы бір Азия, Африка немесе Латын Америка елінде тұрғанда,  АҚШ-тың реакциясы қалай болар еді. Бірақ осы қылмысты істеген террорист бүгін АҚШ-та емін-еркін өмір сүруде.

Немесе Бельгияның ең атақты іскерін өлтірген қандықол Африка еліне қашып кетсе,  сол елді дереу батыс басып алмас па еді? Түркияның ең ірі іскерін өлтірген террорист 20 жылдан бері Бельгияда тұрады.

АҚШ басқарған İSAF күштері Усаме бин Ладенді бермегені үшін Ауғанстанға операция жасамады ма?

Ал, қария-бала деместен мыңдаған түрік азаматын өлтірген террористтер бүгін Берлинде тұратын болса,  мұның түсініктемесі қандай болмақ?

«Менің террористім жақсы, сенің террористің жаман» деген пікірден қашан құтылатын болсақ, осы қатерді жеңе аламыз.  Әйтпесе бүкіл әлем болып оның қайғы-қасіретін әлі көп шегетін боламыз.



Ұқсас жаңалықтар