Мьянмадағы аракандық мұсылмандардың жағдайы

Күн тәртібі-37

Мьянмадағы аракандық мұсылмандардың жағдайы

Мьянмада 1982 жылы қабылданған заң арқылы азаматтық құқықтарынан айрылып қалған Аракан мұсылмандары «отансыз» деп есептеледі.  БҰҰ тарапынан «зұлымдыққа ұшыраған діни азшылық» ретінде қабылданған Аракан мұсылмандары әрдайым қантөгіс және құқықтық, экономикалық жікшілдікке душар болуда.

 Рохинджа және Рохинджадағы отансыз мұсылмандарымен 2000-шы жылдарының басында таныса бастадық.

2000-шы жылдары Мьянма әкімшілігінің мемлекетте демократияға және сөз еркіндігіне қарсы қылмыс істегендері жөнінде хабарлар халықаралық агенттіктерде орын алған еді. Осыған орай кәсібіме байланысты Мьянмаға бардым. Журналист ретінде қысым көрмей-ақ жұмыстарымды жүргіздім. Сол жылдары үй түрмесінде болған қазіргі мемлекет басшысы Аун Сан Су Чжимен кездесу орайын таптым.

Батыс жақтаған Аун Сан Су Чжи шынын айтқанда ұлтшыл солақай түсініктің ықпалымен жетілген бір әйел. Ал батыс әлемі осы түсінігіне көз жұмған еді. Әслінде ұшқары ұлтшыл солақай әрекетінен ең көп зиян шеккен батыс әлемі болатын.

Гитлердің 1930 жылдары Германияда бастаған ұлтшыл солшыл идеология , яғни неонацизм Еуропада және барша әлемде миллиондаған адамның жанын алған.

Неонацизм ауруы Еуропада қайтадан кең қанат жайды. Германияда тек Социал демократ, Жасылдар және солшыл топтар арасында емес, оңшылдар арасында да ұлтшыл сол көзқарастары барған сайын таралды.

Германия канцлері Меркельдің бүгінгі сайлауда айтқан сөздері Гитлердің баяндамасымен негізінен ұқсас. Өкінішке орай осындай ауру ой-пікірлер басқа Еуропа елдерінде де бірте-бірте таралуда.

Сондықтан да «Демократияның бесігі және батыс мәдениетінің мұрагері» болуымен мақтаныш сезінген Батыс Еуропа, қысқаша айтқанда Еуропа Одағы Мьянма мемлекетінің жүйелі түрде жасаған қырғындарын көрмеуде және көргісі келмеуде.

Адами құқықтардан айырылу, демократиялық тұрғыда қорғау дегендердің не екенін жақсы білетін Еуропа және Еуропа Одағының 2000-шы жылдарының басында Мьянма үкіметі жүргізген қырғында үнсіз қалуының себебі не?

Мьянма лидері Аун Сан Су Чжи елдің әскери диктатурасымен ондаған жыл саяси күрес жүргізіп, 1991 жылы күрестің бейбіт жолын таңдағаны үшін Нобельдің Бейбітшілік сыйлығын алған болатын. Соңғы күндері Рохинджа қырғынына қатысты үнсіз отырғаны үшін сыйлықпен байланысты бір жиналыс өткізіле ме?

Түркия Республикасы президенті Режеп Тайып Ердоған Бангладеш үкіметінен Рохинджалықтарды босқын ретінде қабылдауын талап етті. Ердоған босқындардың барлық шығынын Түркияның төлейтінін де барша әлемге жариялады. Әслінде Рохинджалықтардың іргесінде Малайзия мен Индонезия бар. Екеуі де мұсылмандардың басым көпшілігі өмір сүретін.

Осы таңда әлемнің ең күшті экономикалары болған Шығанақ елдерінен ешқандай үн шықпауы Ислам және мұсылмандар үшін өте ұятты жағдай.

Рохинджалықтар-әлемдегі ең үлкен «отансыз зұлымдыққа ұшыраған діни азшылық». Олар-балалары үшін алатын куәлігі, қашу үшін паспорты, құқықтарын қорғайтын соты сынды негізгі адами құқықтарынан айырылған бір қауым.

Жейтін тамақ табуға қиналған мұсылмандар өмір сүрген аймақта кенеттен өте қымбат қарумен жабдықталған «Рохинджа азаттық армиясы» атты бір ұйым пайда болды. Әрекеттері батыс текті террор ұйымы ДАИШ-ке өте ұқсайды. Мьянма армиясы мен бұл ұйымы қақтығыс ішінде болады, бірақ жай халық қаза табуда. Мәйіті қолға түсірілген бір террорист жоқ.

Соңғы қақтығыстарда да жай халық қаза тапты. Кем дегенде 3 мың Рохинджа мұсылманы мерт болды. Армия қырғынын арттыруда. Әр күні 20 ауыл өртенуде. Нақтылы санақты анықтау өте қиын. Бұдан бұрын қақтығыс басталған күннен бері 2-3 адамның қаза тапқаны білдірілген еді. Алайда бұл тек анықталған санақ ғана.

Бірақ бұл санақ та шындықты бейнелемеуде. Өйткені өткен күндерде тек Рохинджа аймағындағы бірнеше ауылда мөлшермен 1500 адам қырғынға ұшырағаны жайла хабарлар келуде. Үлкен бір ауылда тек 400 адам ғана тірі қалған, қалғандары дүниеге көз жұмған.

Мьянма армиясының қырғын жүйесі былай: Алдымен ауылдарға қарулармен кіріп, аясыз түрде адамдарды өлтіреді. Әскерлерге буддистер де жәрдем береді. Ауылда тірі қалғандар қашуға тырысады, өкінішке орай бұл жолы ауылдың маңында көмілген миналардың құрбаны болады. Әскерлер де ұра қазады, қашқандарға зымыран атады. Одан айын ауылдарды өртеп жібереді. Қазірге дейін мұсылман жамағатына тиесілі 2600 үй өртеніп, 146 мыңнан астам тұрғын іргелес Бангладешке бас сауғалаған. Осы таңда Мьянмада қалған мұсылмандардың 70-80 пайызы әйел мен бала. Аймақтағы жастар мен еркектердің көбі Бангладеш және Малайзияға қашты. Ауылдарда әйелдер мен балалар ғана қалды. Сондықтан олар қырғындарға ұшырауда.

Maungdaw аймағы Бангладешке өте жақын. Бұл жерде өмір сүргендер шекараға қарай қашуда. Бірақ бауырлас болған Бангладеш мемлекеті шекараны ашпауда. Тарапсыз бір аймақ бар, ол жерге паналағандардың саны өте көп. Шекараға ұзақ болғандар орман алаңдарына тығылуда. Өйткені басқа баратын жері жоқ.

Шекараға барғандарды Бангладеш армиясы ішкі қарай қуалауда. Мьянма армиясы да бұларға мылтық атуда. 

Осы аянышты қырғынды Түркиядан басқа бір елдің тілге тиек етпеуі адам баласы үшін өте ұятты жағдай. Түркия президенті Ердоған Құрбан айт бойынша барша әлем лидерлеріне телефон шалып, осы қырғынның тоқтатылуы үшін тырысты.

Біріккен Ұлттар Ұйымы осы қырғынды тоқтату үшін жедел шара қолдануын тілеймін. Өкінішке орай Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі мүшесі болған  кейбір елдер қанның төгілуін тоқтатуы жөнінде ешқандай қадам басқан жоқ.

Мьянма лидері Аун Сан Су Чжи қырғынның мемлекетін былықтыратынын әлі аңғара алмай отыр.

 



Ұқсас жаңалықтар