Түркия мен Еуроодақ қатынастары: қалпына келтіруге бола ма?

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калынның 3 қазан күні «DailySabah» газетінде жарияланған мақаласы

Түркия мен Еуроодақ қатынастары: қалпына келтіруге бола ма?

Түркия мен Еуропа Одағы арасындағы қарым-қатынастарды жөндеу еуропалық лидерлердің енді теңсіздік және әділетсіздік негізінде бір қатынастың жалғастырылмайтынын қабылдауына байланысты.

Түркия Еуропа Одағына қосылу үшін 2005 жылдан бері кандидат ел мәртебесінде. Еуропамен қарым-қатынаста бір кездері қызықтыратын және болашағы бар деп есептелген жаңа парақша ретінде аталған осы үрдіс 12 жыл бұрын ешкім ойламағандай сенімсіздік, көңіл құлазуы мен жол апаттарын өзімен бірге ала келді.

Өңірлік және ұлттық деңгейдегі проблемалар мен дағдарыстар Түркия мен кейбір Еуропа елдері арасындағы қарым-қатынасты бұзды және ЕО мүшелік үрдісін баяулатты.  Еш күдік жоқ,  Түркия мен Еуропа Одағы байланыстарының «қалпына келтіруге» мұқтаждығы бар. Сонымен бірге бұл тек екі жақтың да бір-біріне әділ, тең қозғалуы және құрмет көрсетуі арқылы ғана мүмкін.

Түркияға қарсы бағытталған қатаң және шабуылдауға дейін баратын сындар қысқа мерзімді популист пайда келтіруі мүмкін.  Алайда ешкімге бейбітшілік,  қауіпсіздік және молшылық алып келмейді. Жақсылыққа кепіл емес. Ашып айтатын болсақ,  бүгін алдымызда тұрған проблемалар Түркия мен Еуропа шекараларынан да асып түседі. Осы жаһандық дағдарыстар, қиратушы ұлтшылдық, бақылаусыз нәсілшілдік және артып отырған үмітсіздік дәуірінде мұсылман мен батыс қоғамдары арасындағы қарым-қатынасқа әсер етеді.  Ислам мен батыс әлемі өзгешеліктерді шешу және адамзаттың ортақ мүддесіне жұмыстану үшін бас қоспайынша әлем бейбітшілігін орнату және жаһандық деңгейде құрылатын өзара құрмет пен бірге өмір сүру мәдениетін жалғастыру мүмкін емес болады.

Кейбір Еуропа елдерінде Түркияға қарсы дұшпандық оңшыл бағыттағы сайлаушыларға сай болғандықтан, ішкі саясаттың негізгі факторларының біріне айналды.  Алайда он жыл бұрын елемеуге болатын бір проблема ретінде басталған осы жағдай бүгінгі күні негізгі бағыттағы саясаттың бір бөлшегі болып шыға келді.  Асыра оңшылдарға мүмкіндік берген саясаттың адам сенгісіз қорытындылары болуы мүмкін. Айтуға керек жоқ, Еуропадағы Ердоғанға деген дұшпандық тек еуропалық мемлекеттермен байланыстарымызда келіспеушілікке ғана жол ашып қойған жоқ,  сонымен бірге Еуропа Одағы территориясында өмір сүретін миллиондаған түрік азаматына да қауіп төндірді.

Түркия бүгінгі күні 1963 жылы сол кездегі есімімен Еуропа Экономикалық қоғамына мүше болуды қалайтынын жариялаған күнгі Түркия емес.  Не болмаса 1999 жылы кандидат ел мәртебесіне алынған кездегі Түркия емес. Біздің тұрғын санымыз 1960 жылдардан бері үш есе,  ұлттық табысымыз болса 1963 жылдан бері 80 есе артты.

Сонымен қатар кейбіреулер көңіл бөлмесе де, бүгінгі Еуропа да 2000 жылдардың басындағы Еуропамен бірдей емес.  Бүгін кәрі құрлық неонацизммен, популизм және босқындармен, мұсылман және басқа да азаматтарға қарсы жасалған қылмыстармен бірге аталатын жағдайға келді.  Еуропада бара-бара нашарлаған қауіпсіздік шарттары кейбір Еуропа елдерінің Түркияға Еуроодақ қақпасын жабу ынтасымен бірлесіп,  түрік халқының Еуроодақ үрдісіне қолдауын азайтты.

Еуропалық популисттер мәдениетімізді,  сайланған лидерлерімізді және мүдделерімізді нысана қып алып отыр,  осы уақыт ішінде Түркия әрдайым жаңа және көркейтуші көзқарасқа шақырды.  Соңғы рет Түркияда 2017 жылдың сәуір айында өткен атазаң референдумнан кейін президент Режеп Тайып Ердоған арасында Германия канцлері Ангела Меркель де бар еуропалық басшылармен өзара қатынастарда жаңа парақ ашу үшін бас қосты.  Ердоған осы кездесулерді неміс үкіметі және басқа да Еуропа мемлекеттерінің арасында PKK және FETÖ мүшелері де бар Атазаң реформасына қарсы шыққандарға қолдау беру және реформа жақтастарының дауыстарын өз территорияларында өмір сүретін түрік азаматтарына жеткізуге кедергі болу арқылы Түркияның ішкі істеріне араласуларына қарамастан жүзеге асырды.

Референдумнан кейін Еуропа Одағы басшыларымен Брюссельде өткен кездесуде президент Түркия мен Еуроодақ қатынастарын жандандыруға табанды екендерін тағы бір рет қайталады. Алайда Еуропада асыра оң саясатының көтерілуі осы тақырыпта бір жетістікке келуге кедергі болды.

Германияда өткен ай болған сайлау тағы бір рет Түркия және президент Ердоғанға қарсы артып отырған осы жек көрушілікті орнықтыра түсті.  Алайда бұл да асыра оңның Еуропада күшін нығайта түсуіне тосқауыл болмайды. Германияның ең ірі партияларының лидерлері сайлау науқаны барысында елімізге байланысты қатаң мәлімдемелер жасаса да,  сайлау қорытындысы ашық шындықты көрсетіп берді.  Канцлер Меркельдің партиясын 2013 жылғы сайлауда қолдаған бір миллионнан астам сайлаушы осы сайлауда нәсілшіл AFD партиясын таңдады.

Әсіресе бұрынғы Демократиялық Германияда оң және сол радикал қозғалыстар орталық партиялар алдында үлкен табысқа жетті.  Оның үстіне радикал қозғалыстардың неміс экономикасы жақсы табысқа жеткен бір кезеңде осыншама табысты болуы кедейлік пен радикализм арасында құрылған байланыстың қайта тексерілуіне де жол ашты. Кері шегіну және көндіру саясаты бұдан жүз жыл бұрын пайдалы болған еді, бүгінгі күні де табысты болатынын қабылдау үшін ешбір себебіміз жоқ.

Біз Еуропа Одағына мүшелікті саяси, экономикалық және қауіпсіздікке байланысты себептермен стратегиялық мақсат деп есептейміз. Түркия бара –бара қауіпке толған осы әлемде Еуропаның қауіпсіздігі үшін маңызды рол ойнайды.  Алайда қос стандарттар,  қорқытулар және ашық дұшпандықты қабылдамаймыз.

Түркия мен Еуропа Одағы қарым-қатынастары еуропалық лидерлер осы қатынастың енді теңсіздік және әділетсіздік негізінде жалғаспайтынын қабылдаса ғана жөнделеді.  Түрік халқының демократиялық таңдауларына құрмет көрсетуге,  Түркияның сайланған лидеріне құрмет көрсетуге және Түркияны тең ретінде көруге дайын болуы қажет.

Бұл Түркия мен Еуропа Одағы арасындағы босқын келісімі және негізінде көптеген жылдар бұрын түрік азаматтарына танынуы керек Шенген визасыз саяхат құқығы тақырыбында да өтімді.  Еуропаның берген уәдесін орындамауын шағын және техникалық проблема ретінде елемей отырып Түркияны айыптау - әділетсіздік.

Сенім,  өзара құрмет және ұйымшылдыққа сүйенетін бір қатынас әрі Түркияға,  әрі Еуропаға пайдалы қызмет етеді.  Алайда бұл бір жақты қатынас емес, осыны дәлелдеу де тек Түркияның иығына мінбеуі керек.  Еуропа кез-келген бір себеппен Түркияға немесе басқа бір елге теріс айналса, осы елдердің басқа мүмкіндіктерді қолға алуы табиғи нәрсе.  Оның үстіне көп орталықтан пішінденген жаһандық саясат атмосферасында Түркияның өз сыртқы саясат перспективасын батыс елдерінен асып түсетін қып жоспарлауын сынау да мағынасыз.

Оның орнына еуропалықтар 21-ғасыр шындықтарын назарға алғанда басқаларынан көп өз мүдделеріне зиян келтірген Еуропа центризмі мұрасын шешу үшін бірге қозғалу және Түркияның заңды қауіпсіздік уайымдары мен мүдделеріне қажетті мәнді беруі керек. Түркия мен Еуропа Одағы қарым-қатынастарын «қайтадан жөндейтін» жаңа климаттың қалыптасуы да әділет,  теңдік,  сенім және құрмет секілді құндылықтарды қос стандарт және саяси ойындардың орнына қойған кезде ғана мүмкін болады.

 



Ұқсас жаңалықтар