Қазақстанның латын әліппесіне көшуі

Ататүрік атындағы университеттің Халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушысы Др. Джемил Догач Ипектің анализі

Қазақстанның латын әліппесіне көшуі

Қазақстан латын әліпбиіне өту жолындағы жұмыстарын жылдамдатты. Осы үрдісте ортаға қандай әліпбенің шығатынын Еуразия мен түркі әлемі күтіп отыр. Мен тіл маманы емеспін.  Бірақ халықаралық қатынастар саласында да әліпбидің өте маңызды екенін айтып өткім келеді.  Себебі әліпбилер әлемде бір қоғамның орнын анықтауда маңызды рол ойнайды.  Негізінде түркі тілдерінде жазу үшін көптеген әліппе қолдануға болады.  Техникалық жағынан қарағанда тілдегі дауыстарды әліппенің қаншалықты айқындайтыны маңызды.

    Қазақстан мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев латын әліппесіне өту жолындағы нақты сөзін 2012 жылы жарияланған «2050 Стратегиясы» құжатында айтып өткен еді. Толық өту үшін 2025 жылды нысана қып көрсетті. 2018 жылы білім саласында латын әліппесіне өту үрдісі басталып,  осы үрдістің толығымен 2025 жылы аяқталуы жоспарланды.  Экономикалық жағынан әліппе өзгерту үшін 600 миллион теңге, яғни шамамен 1 миллион 800 мың доллар бюджет бөлінді.

Түрік тілдерінде латын әліппесін қолдану жаңа тақырып емес.  Кодекс Куманикус 14-ғасырдың басында қыпшақ түрік тілінде латын әліппесімен жазылды. Түркия Республикасы 1928 жылы латып әліппесіне өтті. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін 1991 жылы Әзірбайжан мен Түрікменстан, 2001 жылы Өзбекстан да осы әліппені қолдана бастады.

    Жақын тарихымызға қарасақ,  1926 жылғы Баку құрылтайында қабылданған шешімдер арқылы түркі әлемінде жылдам игерілген латын әліппесіне өту үрдісі    түркі әлемінде тіл мен әліппе бірлігі ішінара қамдалған кезең болды. Түркияда 1928 жылы қабылданған әліппе өзгерісінің негізгі мақсаттарының бірі де осы үрдістан алыс қалмау болатын. Латын әліппесі бүкіл түрік халықтары үшін ортақ әліппе деп белгіленгеннен кейін Кеңес Одағында наразылықтар шыға бастады.  Кеңес Одағы Орталық атқару комитеті 1935 жылы маусым айында латын әліппесіне өтудің үлкен қате екенін және оның жауаптысының да Жаңа әліппе комитеті екенін жариялады.  Ал бұл қысқа уақыт бұрын латынға өткен түркі әлемінің әліппелерінің өзгертілуіне әкеп соқты.  Енді Кеңес Одағындағы әрбір түрік қоғамы үшін 18 түрлі кирил әліппесі дайындалды.

Қазақстанда осы тақырыпта тіл мамандары дайындаған әліппе ұсынысы парламентке ұсынылды. Бұдан бұрын 42 әріптен тұратын қазақ әліппесі парламентке берілген әліппе жобасы арқылы 25 әріпке азайтылды. Алайда қазақ тіліндегі 8 дауыстың екі әріппен белгіленуін қажет ететін жағдай қабылданды. Өмер Халисдемир атындағы Университеттің оқытушысы Тургай Дүденнің айтуынша бұл қолданыс түрі әліппедегі әріп санын азайту үшін ықпалды әдіс болса да,  қазақ тіліндегі жазу мен оқуды қиындатуы мүмкін. Әліппе жасалған кезде бір дауысқа бір әріп принцибімен бірге түрік халықтарға жақындай түсудің де маңызды принцип ретінде қабылдануы да пайдалы болады.  Сондықтан Түркиядағы және Әзірбайжандағы дауыстармен бірдей қазақша дауыстар үшін осы әліппедегі әріптерді қабылдауға болады.

Әрине, осы үрдістің саяси жақтары да бар.  Ресей орыс тілінде сөйлейтін аймақ пен елдерге ерекше көңіл бөледі. Сондықтан Қазақстанның кирил әліппесін тастауын қаламайды.  Осыған кедергі болу үшін қарсы қадам басуы ықтимал. Ресей қазақ халқының еркін таңдауына түсіністікпен қарайды деп үміттенеміз.

Әліппе таңдау бір жағынан Қазақстан үшін саяси таңдау болып табылады.  Қазақстан мәңгі бақи Кеңес Одағымен бірге атала ма? Әлде өзі бір бөлшегі болып саналатын түркі әлемі және батыс қоғамымен бірге қозғала ма? Түркия, Әзірбайжан және Түрікменстан түрлі латын әліппелерін таңдады. Қырғызстан да осындай жоспар жасап отыр.          Түркі әлемінің басқа аймақтары латын әліппесіне өткен кезде Қазақстанның түркі әлемінің қалған аймақтарынан артта қалуы әрине мүмкін емес.

     Қазақстанның латын әліппесіне өтуі – елдің рухани және мәдени дамуында тарихи бетбұрыс болмақ. Тарих, мәдениет және топырақтарымен бірге тіл әрқашан бір ұлттың/мемлекеттің негізгі бірлестіретін факторы.  Осы бағытта Қазақстанның тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап президент Назарбаевтың қазақ тілінің дамуына көп көңіл бөлгенін көріп отырмыз.

Қазақстан әліппе өзгерісі арқылы батыс өркениетіне жақындай түседі.  Айырықша латын әліппесіна өткен басқа түрік республикалары мен Қазақстанның ғылыми және мәдени қатынастарына да оң әсер етеді.  Түрік әлемінің ақсақалы,  дана көсем Нұрсұлтан Назарбаев басшылығындағы Қазақстанның латын әліппесіне өтуі Қазақстанның әлемнің дамыған елдері арасында орнын нығайта түсу мақсаты және түрік әлемінде мәдени бірлік мақсаты бағытында басқан қадамдарының бірі деп саналады. 



Ұқсас жаңалықтар