Күн Тәртібі-05

Операция табысты түрде жалғасуда.

Күн Тәртібі-05

Сирияда маңызды оқиғалар болуда. Түрік Қарулы Күштері Афринде шоғырланған террор ұйымдарына қарсы операция бастады. Операцияның екінші аптасы аяқталды. Операция табысты түрде жалғасуда. Операциямен қатар Түрік Қарулы Күштері Идлибтегі дағдарысты азайту және аймақты бақылау астына алу үшін жаңа қадағалау пункттерін құруда. Бұл әрекеттер Америка Құрама Штаттарының Сириядағы рөліне де ықпал жасауда.

Зәйтүн бұтағы операциясы PKK мен YPG күштерін әлсіретуде. Манбидж, Эль-Хасака, Ракка және Дейр-эз-зорда террор ұйымдары тарапынан езіліп-жаншылған халық еңсесін көтере бастады. Мысалы Манбиджтегі халық YPG-ге қарсы көтерілді. Түркияның Астана процесі аясында Ресей және Иранмен Сирияда шешім ізденістері аймақта АҚШ өзінің қате қадамдарына орай барған сайын жалғыз қалуда. Әсіресе Түрік Қарулы Күштерінің Идлиб процесі аясында стратегиялық маңызға ие тау мен төбелерді қолға түсіруі Түркияның Сириядағы күшті әлеуетін көрсеткен болды.

Зәйтүн бұтағы операциясы жалғасуда. Африн аймағы географиясының қиын шарт-жағдайына қарамастан Түрік Қарулы Күштері мен Еркін Сирия армиясы қарқынды түрде ілгерілеуде.  Операцияларда бірқатар маңызды түйін де террор ұйымдары PKK мен YPG-нің қолынан алынды. Осылайша операция аймақта үлкен жаңғырық жаратты. YPG-нің аймақтағы күші жермен-жексен етілді. YPG-нің Сирияда бақылау астына алынған аймақтарды басым көпшілігінің араб пен түрікмендерден тұратыны баршаға аян еді. Әсіресе ДАИШ-тің аймақта емін-еркін ойнақ салынуынан кейін  YPG-нің заңдылығына жергілікті халықтар күдікпен қарай бастаған болатын. Түркияның араб, түрікмен және күрдтерден құралған сириялық оппозиционерлерімен бірге әрекет жасауы аймақ үшін бір альтернатива болған еді.

Әсіресе Манбидж сынды аймақта жергілікті халық YPG-нің зұлматынан мазасыз болып, YPG-ге қарсы топтар құрыла бастады және ереуіл әрекеті жасалды. Зәйтүн бұтағы операциясының табысты болуы YPG-нің зұлматына қарсы болған араб, түрікмен және күрдтерді жігерлендірді. Мысалы Зәйтүн бұтағы операциясы тек YPG-ні ғана емес, сонымен қатар Сириядағы барлық инвестицияны YPG-ге салған АҚШ-ын жалғыздыққа апарып соқты. Америка Құрама Штаттарының Түркияға және Африн операциясына қарата бірқатар түрлі мәлімдеме жасауы АҚШ-тың өз ішіндегі былықпаны паш етуде. АҚШ органдарының бір-бірлеріне ұқсамаған саясат ұстануы ең соң CİA-ның YPG-ні террор ұйымы ретінде тізімге алынуында байқалды.

Ресей, Иран және Түркияның кепілгерлігінде ілгерілеген Астана процесі сыртында қалған АҚШ аймақта «құнсыз жалғыздыққа» қарай бет алуда. Бір террор ұйымын басқа бір террор ұйымы арқылы жоюға тырысқан Америка Құрама Штаттарының саясаты аймақта мазасыздыққа себеп болуда. YPG-нің  Сирияның территория тұтастығына қауіп төндірген ұстанымы және АҚШ-тың аймақта шекараны қорғау армиясын құру жоспарлары Ресей, Иран және Түркия наразылық көрсетті. АҚШ YPG-мен болған қарым-қатынастары ДАШ-пен күресуде шектеулі болғаны үшін дамыған еді. Мысалы қазір Сирияда көптеген әскери база құруды жоспарлауда.

Сирияда басқа бір маңызды оқиға Түрік Қарулы Күштерінің Идлибке кіруі аясында жаңа құрылған қадағалау пунктері болып табылады. Оңтүстік Халеб аймағында стратегиялық аймақта құрылған жаңа қадағалау пунктері дағдарыстың азайтылуы және аймақтың бақылауы тұрғысынан маңызды бір қадам.

Түркияның соңғы кезеңде әсіресе Астана процесі аясында Сирияда және халықаралық бұқаралық пікірде стратегиялық және шешім жасаушы бір актерге айналды. Түркия күшті орнын бір жағынан Сириядағы гуманитарлық трагедияны доғару үшін қолданса, енді бір жағынан Сирияның тіпті жақсы бір болашағы үшін қадамдар басуда.

Түркияның Сирияда шешім жасаушы бір актерге айналуы әсіресе Түркияның Сирия халқына деген қолдауынан туындауда. Түркия бір жағынан өз территориясы ішіндегі 3 миллион сириялықтарды бағып жатса, енді бір жағынан да Сирия шекаралары ішіндегі 4 миллион сириялықтарға жәрдем беру үшін қадам басуда. 



Ұқсас жаңалықтар