Кайгусуз Абдал (Алааддин Гайби)

Анатолының дана - ғұламалары 09

Кайгусуз Абдал (Алааддин Гайби)

Түрік тілінде «дәруіш» (derviş) сөзі көне әліпби бойынша бес әріппен жазылады. Алғашқы әріп ретінде «д»«дүниені тастау» деген мағынаға келеді. Екінші әріп «ә» болса «екіжүзділікті тастау» деген сөзді білдіреді. Үшінші әріп «р» жазылады. Осы әріптің мағынасы да «болмысыңды тастау» деген мағынада. Дәруіш сөзінде төртінші әріп «у» болса, «Жалғанды тастау» мағынасына келеді. Және соңғы «ш» әріпі «азғырушылықтың тастау».

Міне, осы анықтаманы Абдал Мұса «дәруіш» деген сөзді есігіне дәруіш болуға келген әуесқой бір жасқа түсіндіру мақсатты айтқан екен. Мақсат – ол бастан оған ескерту. Бұл жол қатал, бұл жол қиын, барша көтеріп жүретін бір жүк емес. Дегенмен алдына жығылған жас өте тұрақты. «Керісінше жауап қабылдамаймын, сенің есігінен қайтып кетпеймін» деп, Абдал Мұсаның шапанына жабысады.

Бұл жас тәкаппар бір бидің баласы  Алааддин Гайби болатын. Ол жабысқан етегін қырық жыл бойы тастамай, Абдал Мұсадан алған тәрбиемен Анатолының дана-ғұламалары арасында ең жарқын шырақтың біріне айналды. Кейін оның аты «Кайгусуз Абдал» деп аталады және даңқы жан-жаққа тарайды.

Алания Санджак мырзасының баласы Алааддин Гайби бір күні көңілді түрде аңға шығады. Аңда бір киікті көріп, оны сол жағынан жаралайды. Одан жаралы күйде қашып үлгерген киіктің ізіне түсіп, алыстағы бір сопы мектебінің есігіне дейін жетеді. Алдымен жаралы киік есіктен ішке секіріп кіреді, артынан Алааддин Гайби. Іштегі адамдардан киіктің өзіне қайтарылуын талап етеді. Дегенмен бұл оқиғадан барша бейхабар болып шығады. Не киік, не де басқа нәрсе көрмегендерін алға тартады. Әңгіме күрделеніп бара жатқан соң, осы жасты мектептің шейхі Абдал Мұсаға апарады. Және түйін оның алдында барғанда шешіледі. Ұлы дана Абдал Мұса жасқа қарап сол жағына шаншылған оқты көрсетіп: «Ойымша бұл сенікі шығар!» деп оны кері қайтарған кезде, Алааддин Гайбидің дәруіш Кайгусуз Абдалға айналу хикаясы басталды.

Айтылып отырған осы оқиға қаншалықты мифологиялық ерекшеліктерде болса да, аталмыш кейіпкерлер шындық. Және Кайгусуз Абдал қырық жылға жуық ұстазы Абдал Мұсаның қасында тұрып, қызмет еткен. Бұл мерзім аяқталғанша «Сыртқы келбетіңді емес, көңіліңді жақсарт» деген ұстазына бағынып, ішкі дүниесін тазартып, бағыты мен әдістерін реттеп алған. Одан есітіп бағынбағаны ешбір сөз қалмаған.

«Әй, дәруіш; момын бол, салқын мінезді және тура бол, берген уәделеріңді орында, қиыншылықтарға төз, сөзіңді ойланбай айтушы болма, ғибадат пен мүлікке сенбе, жалған сөз сөйлеме, хақ диванынан айырылма, танымайтын адамдарға жар болма, уақытыңды босқа өткізбе, басқалар ұшыраған нашар жағдайды мазақ қылма, өзіңнен ұлықтарға қарсы шықпа, әлем үшін көңіліңді зарландырма, мәртебелі адамдарға жалбарма, кезкелген жағдайыңа шүкіршілік жаса...».

Ақыры ұстазы оның әлемнің қайғы-қасіретінен құтылатынын көріп, «Кайгусуз» деген ат қоюды жөн көреді және «ақиқат ғылымын таратсын» деп сенімді дәруішін шығарып салады.

 Кайгусуз Абдал әртүрлі бағыттарға саяхат жасап, өлгенше Орташығыс, Балкан және Анатолының көптеген қаласына барады.

Алдында ұстазында көрген бір кереметке еліктеп, оның қасында қалған Кайгусуз Абдал жылдар өткен сайын негізінде маңыздысының керемет емес, бағыт екенін байқаған. Өз бағытын да әрқашан ақиқатқа қарай ұстаған және қай жерде жүрсе де жолынан адаспаған.

Ақиқатты іздеудің нәпсіңе қарсы шығу жұмысы екенін ол жақсы білетін. Бұл бір жігерлілік, бір еңбек жұмысы... Тер төкпей, тыныс үзілмей, шаршамай ақиқатқа бару мүмкін емес. Мұны біліп, әртүрлі азапты мойындаған. Кайгусуздікі нәпсі, жүрек және рух тәрбиесіне арналған бір тіршілік.

Бұл Кайгусуз өткенінен

Жәрдем алған ол дәруішінен

Оқы, тыңда білімді ұлықтан

Естімейсің деп айтқан жоқпын ба?

Ақиқат жайлы сөйлеп отырса да, басқарушы болмаған Кайгусуз. Оны тек қана естумен бақытты болмайтын. Ол бір жан, бір өмірді ортаға салды ақиқатпен өмір сүру үшін. Және жанынан көп сүйген тәңірі үшін жүрегінің тереңінде Хақты тапқан:

Құмар адамдар жан ішінде

Ашық көреді Хақты

Естудің мағынасын

Болады көрген сияқты

Шәкірттерінің бірі Дели Шүкрү «Аспанның діңгегі» деп атаған Кайгусуз негізінде тек қана аспанның емес, көңілдердің де діңгегі еді. Дәл ізінен жүрген Юнус сияқты.

Кайгусуз Абдал Мұсадан алған тәрбиесі толыққан соң жүрегіне туған хикметті өлең күйінде мақтап жырлай бастады. Өлеңдері мүмкіндігінше қарапайым, әрі сезімді еді. Жүректен тілге түспейтін құпия мағыналардың ізінен баратын болған. Және өз жүрегінің тереңіне сүңгіп шығарған інжу-маржандары бұл құпия мағынаны жер жүзіндегі баршаға ұсынатын.

Әкесі оны бұл жолдан бас тартқызуға көп тырысқан. Дегенмен не істесе де, табысқа жетпеген. Бидің баласы болудың өзі көрінісі бар бір жұмыс еді. Кайзусуз үшін бұл көрініс емес, ішкі дүние маңызды болатын.

Көңілді тастап көрініске қарау ма? Оның айтуынша бұл адамдардың ең үлкен кемшілігі. Бір адамды сыртқы келбетіне қарап бағалау үлкен бір қателік болатын.

Бұл адам дегендері

Қол, аяқ пен бас емес,

Адам мағыналы дейтін

Әлпет пен қас емес.

Мағына... Ақиқат ғылымын үйретушілер мағынаның артынан жүгіргендер болған. Және ол іздеген нәрсе өздерінде жасырынған.

Кайгусузда солай айтып отырған жоқ па?:

Өзін өзі білген

Мақсатын білген адам,

Хақты білген дұрыс ғой

Өтірікші сатқын емес.

 

Кел, Хаққа бас көтерме

Көңілдің таты кетсін,

Төрт кітаптың мағынасы

Бар әдептілік үйрен.

 

Анатолы дана-ғұлама дәстүрі үстіне құрылған ұғымдардың бірі де әдептілік. Сондықтан хикмет иесі осы дана бізге әдептілікті жиі насихаттайды.

Бұл негізінде жай, ахлақтық бір үгіт емес. Одан гөрі дұрыс бір тіршілік пәлсапасына шақыру болып табылады. Әдептілік адамның өзін білуі яғни, оның шекарасы. Өйткені шекаралардан асқан сайын жүректің бақытсыздықпен жүздесуі. Тіршіліктің өзі мұны қажет етеді. Халық арасында «діннің шарты бес, алтыншысы өз орнын білу» деген сөздің сонша кең тарауы бос емес шығар.

Әдептіліктен алыстау - адамның соқырлығы. Рухтың мерзімсіз сыртта қалуы. Тіршіліктің өзінен бөлініп, менмендіктен жеңілуі.

Міне, Кайгусуз Абдал сияқты көңіл алыптары дәл осы жерде іске қосылады. Өз дәуірінен асқан бір даналықпен бізге тарихтың шаң басқан беттерінен үн қатады. Және айтқандары тарихи тұрғыдан ескі болса да, жолдамалары әрқашан көңілдерге табыспен ұласады.

Менмендіктен оян,

Әдепсіз болма, әй жан!

Әдептілік негізінде иман

Бар әдептілікті үйрен.



Ұқсас жаңалықтар