Күн Тәртібі-10

Түркияның Африка саясаты Батыстың отаршылдық тұғырының керісінше «өзара пайда» тұғырын ұстанды.

Күн Тәртібі-10

Күн тәртібі-10

Түркия жан-жақты сыртқы саясаты түсінігі арқылы Африка құрлығында жаңа қадамдар басуда. Африка саясаты аясында Түркия көптеген маңызды гуманитарлық жәрдем жұмыстарын жүзеге асырды. Түркия Африка елдерімен дипломатиялық қарым-қатынастарды дамытты және Африкада стратегиялық табыстарға қол жеткізді. Түркия «отарлау» түсінігімен әрекет жасамауы және Африка елдерімен ортақ мүдделер негізінде қарым-қатынас жасауы Түркияның табысының басты себептерінің бірі болып табылады. Президент Режеп Тайып Ердоғанның Алжир, Мавритания, Сенегал және Малиді қамтыған Африка сапары-- Түркия мен Африка елдері арасындағы экономикалық және стратегиялық ынтымақтастықтың дамытуы жолында маңызды бір қадам.

Енді саясат, экономика және әлеуметтік зерттеу қорының зерттеушісі Жан Ажуннның осы тақырып жөніндегі анализдерін ұсынамыз.

Түркияның Африка елдерімен сауда көлемі 15 жылда 6 есе өсіп, 17,5 миллиард долларға ұласты. Африкадағы түрік инвестициялары 2003 жылы 100 миллион доллар болса, 2017 жылы 6,5 миллиард долларға жетті. Президент Режеп Тайып Ердоғанның соңғы Африка сапары аясында бірқатар экономикалық ынтымақтастық келісіміне қол қойылды. Сонымен қатар Африка елдер арасындағы сауда көлемін дамыту үшін жаңа нысандар белгіленді. Мысалы Сенегал мен Түркия арасындағы сауда көлемінің 250 миллион долларға жетуінен кейін енді 400 миллион долларлық жаңа бір нысана белгіленді.

Түркияның Африка саясаты Батыстың отаршылдық тұғырының керісінше «өзара пайда» тұғырын ұстанды. Президент Режеп Тайып Ердоғанның Алжир сапары барысында алжирлік бір журналист Османлыны меңзеп «Түркия Алжирді отарлай ма?» деп сұрады. Осы сұраққа орай президент Ердоған «Мұндай болатын болса, онда маған француз тілінде емес, түрік тілінде сұрақ қоюың керек еді» деп жауап берді. Ердоғанның бұл жауабы Түркияның Африка саясатының Батыстың отаршылдық түсінігінен басқаша екенінің бір қорытындысы іспетті.

Түркияның Африка саясатындағы табысының астарындағы ең үлкен шаралардың бірі гуманитарлық жәрдем дипломатиясы болып табылады. Түркияның ұлттық кірістерімен салыстырғанда әлемде ең көп гуманитарлық жәрдем жасаған ел болуы Түркияның гуманитарлық сыртқы саясатына қаншама көңіл бөлгенінің дәлелі. Ашаршылық, құрғақшылық және кедейшілікпен күресуде белсенді рөл ойнаған Түркия сонымен қатар соғыста зардап шеккен бейуаз халық пен ауруларға да қол ұшын беруде.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның жұбайы Эмине Ердоған Түркияның гуманитарлық саясатын қорытындылаған. Ол «Құрғақшылық Африканың тағдыры болуы мүмкін. Бірақ ашаршылықтан өлу тағдыр емес. Жаппай өлу де тағдыр емес. Африканың саяси тұрақтылығы үшін халықаралық ұйымдар атсалысқанға дейін Африка халқына қол ұшын беруіміз керек» деді.

Түркияның Африка саясаты аясында гуманитарлық жәрдемдердің тысында Бас Штаб басқармасы, Экономика министрлігі, Даму министрлігі, Ұлттық білім беру министрлігі, Қазына министрлігі, Елді мекен басқармасы, Апат және төтенше жағдай басқармасы, Түрік Қызыл Жарты Ай, Шетелдегі түрктер және ағайын қауымдастықтар басқармасы және Юнус Эмре институты маңызды рөл атқаруда. Африкада көптеген жобаға қолтаңбасын басқан түрік ұйымы және органдармен қоса азаматтық ұйымдардың да үлестері үлкен. Түркия мен Африка елдерінің арасындағы қарым-қатынас күн өткен сайын дамуда.

Енді бір жағынан экономика саласында Түркия Африкада әсіресе құрылыс секторында маңызды актерге айналуда. Түрік фирмалары Африка елдерінде көптеген құрылыстар салуда. Мысалы президент Режеп Тайып Ердоған Африка сапары барысында түрік фирмаларының құрылыс орындарын аралаған еді.

Түркияның Африка саясатындағы маңызды бір мәселе болса FETÖ мектептері мен ұйымдары еді. Түркия Африка елдерімен қарым-қатынастарын дамытудың нәтижесінде FETÖ мектептерін жауып, мектептерді Маариф қорына өткізіп берді. Маариф қоры Тунис, Танзания, Судан, Сомали, Сьерра-Леоне, Сенегал, Нигерия, Мавритания, Конго Республикасы, Гвинея, Гамбия, Чад және Джибути секілді жиыны 88 мектепте білім беруде.

       


Этикеттер: Сенегал , Мали , Африка

Ұқсас жаңалықтар