Юсуф Синанүддин (Сүмбіл Эфенди)

Анатолының дана - ғұламалары 11

Юсуф Синанүддин (Сүмбіл Эфенди)

10-шы ғасырдан кейін бірнеше ғасыр бойы дағдарыстар мен шайқастар билік құрған Анатолыда 16-шы ғасырдан бастап жағдай қалпына түсе бастады. Османлы мемлекеті мықты бір ұйымдасумен өсуін жалғастырып, қауіпсіз және бейбіт бір тіршілік құрыла бастады.

Басшы мен әскери таптың табыстарына қоса ғалымдардың жұмыстары да қоғамдық тыныштыққа қолдау берген бір ұғымға айналды.

Рақымды бір тіршілік пікірі алға шыққан әр тарихи кезеңде болғандай қоғам тіршілігіне ғұламалар мен рухани басшылар бағыт беріп отырды.

Қоғамның санасын, ұжданын және зейінін қамырдай илеген осы ұлы басшылардың бірі де Юсуф Синанүддин, басқаша атауымен Сүмбіл Эфенди болатын.

Анатолы дана – ғұламалары атты бағдарламамыздың бүгінгі тарауында Османлының 4 патшасының билігіне куә болған және өмірі бойы патшалықтың ең абыройлы ғұламаларының бірі саналған Сүмбіл Эфенди жайлы баяндаймыз.

Кожамұстафапаша ауданы Стамбұл руханиятының маңызды орталықтарының бірі болып табылады. Өйткені бұл жерде атақты қамқоршы Сүмбіл Эфенди өмір сүрген және әрбір көшеге оның кереметі сіңген.

Өткір мінезімен замандас түрік әдебиетінің екі үлкен тұлғасы болып табылатын Ахмет Хамди Танпынар мен Яхия Кемал Баятлы да Сүмбіл Эфендиден қатты шабыт алған. Танпынардың танымал шығармасы «Хузур» (Тыныштық) оның рухани басымдылығын түсіндіреді. Баятлы болса Кожамұстафапаша ауданын суреттеген мына өлең жолдарында жүздеген жылдан кейін ұстазға бас иеді:

Қандай құпия түн бұл, таң атқанша,

Асылтастай Сүнбіл Синанның рухы жануда.

Сүмбіл Синан шынында да баға жетпес бір Асылтас. Балалық шағының өзінде рухани биіктігі байқалған. Достары секілді ойын ойнайтын жасында бар уақытын ұстаздардың сабақтарына қатысып өткізген делінеді. Спарта қаласында басталған өмірімен Стамбұлда қош айтысады. Йылдырым Беязыд, Явуз және Кануни кезеңінің ұлы ғұламаларының бірі болып қабылданады. Уақыт ұғымын күшінен жойған рухани билігімен ол өмір сүрген кезеңдегідей бүгін де ізбасарларына бағыт берген бір шырақ.

Мұның ең негізгі дәлелі болса оның өлеңдері. Өйткені ол өлеңдерінде ғасырлардың қашықтығына бас көтереді, әр жазғаны әлі алғашқы күнгідей әсер етеді:

Тағы достан хабар келді

Кел, әй көңіл, қазірден бастап

Тағы іштің нәпсінің уын,

Той, әй көңіл, қазірден бастап.

 

Осыншама дәмді жедің, іштің

Ынсапты бол, шектен астың,

Сүмбіл айтты ұшқаның жетеді

Қон, әй көңіл, қазірден бастап.

Османлыға Византиядан мұра қалған «Андрея Крисе» шіркеуі (Hosios Andreas) жеңістің артынан мешітке айналдырылған және айналасына да бір ғимарат салынған. Уәзір Кожа Мұстафа паша жөндеу жұмыстарына үлкен үлес қосқаны себепті бұл жаңа мешітке де оның аты берілген.

Бір күні Османлы падишасы Явуз Сұлтан Селим ашулы бір кезінде Кожа Мұстафа Паша салғызған бұл мешіттің және қасындағы ғимараттың құлатылуын бұйырған. Барша таң қалған дегенмен ешкім ешнәрсе айта алмаған. Қолдарына күрек пен балғалар ұстаған жұмысшылар жолға шығып, мешітке келіп жеткен.

Мешіттің ауласында сары шашты, ақ жүзді бір адамды байқаған. Міне, ол - мешіттің молдасы Сүмбіл Синанүддин Эфенди екен. Жұмысшыларға айбарлы қараған Сүмбіл Эфендинің ауызынан тек қана екі сөз шыққан: «Не істейсіңдер?».

Сөздер аузынан емес, жүректен төгілгендіктен оны тыңдағандардың жүрегін ұстаған. Міне құлатуға келген жұмысшылар тек қана осыны көрген. Сүмбіл Эфендинің рухани билігі алдында оған қарсы шығу былай тұрсын, саусақтарын да қимылдата алмаған. Бір сөз сөйлеместен осы құпия адамның қасынан алыстап, сарайға қайта оралады.

Сұлтанның бұйрығы орындала алмаған. Бұл оқиғаны өзіне жеткізген соң ашуланған Сұлтан атына мініп, оқиға орнына барған.

Дегенмен Сүмбіл Эфенди бұған дайын екен. Өйткені дәруіштердің жүректері әрқашан ашық жүреді. Өткенмен өмір сүрмейді, келешектің қиялымен қанағаттанбайды. Олар сәттің балалары, ағып жатқан уақыттан аңғал болмайды.

Сүмбіл Эфендинің де жүрегі соншама ашық әрине. Осы кеткен жұмысшылардың артынан басқалардың келетінін болжаған. Және қасына алған бес-алты шәкіртімен жерді жыртып жатқан.

Патшаның өзіне қарай келе жатқанын байқаған соң айбарлы көзқарасын бағыттайды да оған былай деді: «Я Хақ!».

Міне сол кезде тамағы бітелген ұлы патша қадам баса алмай қалды. «Хақ» сөзі миында зыңылдап, жасаған бұл қылығының ешқандай Хаққа бағынбағанын байқаған.

Не бұйрығын қайталай алмай, не де аузын аша алмаған.

Көздерін жерге қаратқан патша одан әрі қарай алмаған Сүмбіл Эфендинің көздеріне. Құлатпайтынын айтып, үстіндегі бұлғынның терісін оған кигізген.

Одан кейін билігі барысында қашан жүрегі қысылса, қашан бір тыныштық іздесе, қасына жүгіріп баратын бір дос тапқан. Енді Сүмбіл Эфенди Стамбұл халқының артынан сарайдың да сүйіктісі болған.

Бір нәзіктік үлгісі еді Сүмбіл Эфенди. Ең жабайы әрекеттер алдында сыпайылығы мен әдептілігін тастамайтын. Әр қылығында бір мөлшер назар аударатын. Осымен байланысты ең жақсы мысал шәкірттік кезеңінен қалған. Айтылғанға қарағанда, оны тәрбиелеген ұстазы Челеби Халифе Сүмбіл Эфендині басқа шәкірттерінен айырықша жақсы көретін. Бұл жағдай басқа шәкірттерінің наразылығын туғызған. Бір күні ұстаз шәкірттеріне бір тапсырма береді. Ұстаз: «Қырға шығыңдар, қыдырып серуендеңдер және күн батқанда маған ең тамаша гүлді тауып әкеліңдер» дейді.

Осыған бола шәкірттер жан-жаққа тарап егістікте, жайлауда, төбелерде ең тамаша гүлді табуға тырысады. Кеш түспестен барлық дәруіштер қолдарында әртүрлі гүлдермен мектепке қайтқан екен. Барлығы тапқан тамаша сұлулықтарды ұстазының алдына әкеліп тастаған. Челеби Халифе балаларға қарап отырып, артта қысылып отырған Сүмбіл Эфендиге көзі түседі және сұрайды:

«Я Синанүддин, сен маған қандай гүл әкелдің?»

Сүмбіл Эфенди ұялып, алақанына қысып алған бозарған сүмбіл гүлін тастайды ұстазының алдына. Достары бұл жағдайға таң қалып, сұраған көздермен бір-біріне қарайды. Міне, дәл осы кезде Сүмбіл Эфенди қажетті жауапты қайтарады.

Ол «Ұстаз, мен қырға шыққанда барлық гүлдердің тәңірді зікір етіп, оның атын қайталағандарына куә болдым және олардың ісіне кедергі жасағым келмеді. Қайтып келе жатқанда мына ағаштан үзілген гүл көзіме түсті. Сондықтан сізге тек қана осыны әкелдім» дейді.

Міне, бұл жауаптың артынан басқа дәруіштер Сүмбіл Эфендидің керемет нәзіктігін байқап, ұстаздарының оны бәрінен жақсы көруін түсінеді.

Сүмбіл Эфендидің ешкім байқамаған нәзік тұстарды назарға алуы баршаға аян және қылықтарын бұған қарап реттеген. Анатолы халқының өзіне деген ілтипаты да осы сыпайылығына деген бір құрмет белгісі ретінде көрінеді.



Ұқсас жаңалықтар