Рисктер мен мүмкіншіліктер тұрғысынан түрік сыртқы саясаты

Түрік сыртқы саясатының бағдары 38

Рисктер мен мүмкіншіліктер тұрғысынан түрік сыртқы саясаты

Түркияның соңғы апталарда сыртқы саясатта әдеттегінен әрекетті бір сыртқы саяси бір кезеңнен өтіп жатқаны шындық. Жаһандық деңгейде және елдің төңірегінде болып жатқан оқиғалар саяси және экономикалық тұрғыдан рисктер мен мүмкіншіліктерді бірге әкелді. Осы тақырыпты алға шығарған басты себептің АҚШ әкімшілігінің ұстанымы екені сөзсіз. АҚШ президенті Дональд Трамптың көптеген тұрғыдан сынға алынған шешімдері бұрынғы одақтастарымен қарым- қатынастары және ынтымақтастық салаларын бұзған бір кезеңге айналды. Осының арғы жағында біреуі шынайылықтан аулақ екі себеп көрсетуге болады. Түркия шекаралары ішінде бұрыңнан бері миссионерлік жұмыстарын жалғастырып, FETÖ террор ұйымымен байланысты екені алға тартылғаны үшін тергеуге алынған дін қызметкері Брунсонның жағдайы себепті Анкараға бағытталған ұстаным негізінде дағдарыстың күдіксіз витринасы. Бірақ осыған қоса, Түркияның Сирияда PKK/YPG террор ұйымының жұмыстарына кедергі жасауы аймақтың болашағын реттейтін Вашингтон әкімшілігіне үлкен тосқауыл.

Сирия соғысына ықпал еткен рисктер тек қана Түркия-Америка ынтымақтастығына емес, Ресей, Иран және Еуропа Одағы мүше мемлекеттерінің де аймаққа көзқарасын өзгертеді. Осы жағдай аталмыш актерлер арасындағы дағдарысты қозғайды. Түркияның проблемаларының басында ұлттық қауіпсіздік уайымдары мен басқа жаһандық актерлер арасындағы дипломатиялық теңгерімді қорғау міндеті келеді.

Түркия душар болған рисктер Сирияда құрылып, елдің бірлік пен тұрақтылығына зиян келтіруді нысанаға алған PKK/YPG террор ұйымымен шектелмейді. Түрік армиясы Ирактың солтүстігінде орын алған Кандил тауында PKK-лық террористтерге бағытталған операцияларына қоса, ел көлемінде де аталмыш ұйыммен күресін жалғастыруда. FETÖ террор ұйымына бағыттап ел көлемінде және шетелде жүргізілген күрес - елдің резервтері мен энергиясы жұмсалған басқа бір фактор.

Осы кезеңдерге АҚШ-пен пайда болған дағдарыстың артынан басталған түрік лирасының құнын жоғалтуы да қосылғанда, Анкараның көп майданды бір соғысқа кіргені анық түрде байқалады. Әйтсе де түрік экономикасындағы дағдарыстар елдің әрі ішкі, әрі сыртқы қауіпсіздігіне бағытталған рисктерге жол ашады.

Бұл проблемалы көрініс аясында Түркия Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін құрамына қосылған халықаралық байланыстарға қайта көз жүгірте бастады. Өйткені НАТО одақтасы ретінде АҚШ пен Еуроодақ елдері Түркиямен негізгі жаһандық одақтастықты бөлісуге қоса, көптеген халықаралық ұйым мен келісімнің құрамында орын алған актерлер. Осыған қарамастан FETÖ және PKK террор ұйымдарымен күресте осы елдердің Түркияға қанағаттанарлықтай қолдау бермеуі, тіпті қарама-қайшы жұмыстар жасауы, сондай-ақ соңғы экономикалық дағдарыстар, АҚШ-тың ұстанымы Түркияны бұл одақтастықтың шынайылығы тақырыбында ойландырады. Сириядағы соғыс басталғалы оңтүстіктен келуі ықтимал қауіптер, НАТО қолшатыры деп аталатын әуе қорғаныс жүйесінің Түркияның мүддесіне іске қосылмауы және артынан Анкараның Мәскеуден сатып алуды талап еткен S-400 әуе қорғаныс зымырандары, АҚШ және еуропалық достармен дағдарыстың соңғы қисыны болды.

Аймақта артып отырған тұрақсыздық пен қақтығыс рискіне қарамастан Түркия үшін НАТО-ның жауапкершілігін орындауы былай тұрсын, елдің заңды қорғаныс бастамаларын нысанаға алған осы агрессивті процесс Ресей және Қытаймен жаңа келіссөздік орта ізденісіне жол ашады. Осы тұғыр тек қана әскери қадамдармен шектеулі қалатындай көрінбейді. Түрік және орыс басшыларға қоса, дипломаттардың орыс және ирандық әріптестерімен жүзеге асқан кездесулерінің саны мен ерекшелігі бұрын АҚШ-пен жүргізілген байланыстардың орнын алғанға ұқсайды. Сирияда, әсіресе Идлиб дағдарысында Анкара мен Вашингтон арасында –ең болмағанда көрінгені осы- белгілі бір жақындық болмағанын айтуға болады.

Сирия мәселесімен бірге Ресей, Қытай және жақын сауда партнерлерімен жасалған экономикалық ынтымақтастық бастамалары Түркияның халықаралық қатынастарда өзіне лайықты орта ізденісінің одан терең екенін көрсетеді. Әсіресе осы мемлекеттермен жасалған саудада доллар орнына ұлттық валюта қолдану ұсынысының орыс және қытайлықтар тарапынан жақсы қарсы алынуы мұның басты дәлелі. Долларға индекстенген халықаралық сауданы алтын немесе ұлттық валюта қолданысы арқылы еркін сауда аймақтарының саны мен құрамын арттыру талпыныстарын назарға алатын бір бастама ретінде бағалауға болады.

Түркияның доллар бағамы артқан себепті пайда болған дағдарыс жақын және орта мерзімді шешімдермен жоғарыда аталған талпыныстарға қоса, жақын келешекте Еуроодақпен басталатын кеден одағына ұқсас құрылымдарды сауда ортағы басқа елдермен де құру ұсынысына куә болуымыз мүмкін. Мұның Түркия тұрғысынан Еуроодақ мүшелегін нақты түрде «тоқтату немесе жалғастыру» шешімімен байланысты болатыны сөзсіз. Өзінен басқа бір кеден одағын құруға заңды түрде рұқсат бермейтін Еуроодақ құрылымы Түркияның мүшелік кезеңі күшін жойған жағдайда, Анкараның партнерлеріне ұсына алатын бір ұсынысы ретінде мүмкін көрінеді.

Қысқаша айтқанда, жан-жақты рисктермен күрескен Түркияның қазіргі жағдайы рисктер ішінде мүмкіншіліктер және жаңа көзқарастар да ұсынады. Осы жағдайдың Түркияның одақтастық қарым-қатынасы бар елдердің ұстанымына тығыз байланысты екенін ойлағанда, дағдарыстың бағытына қарай Анкара көп тұсты дипломатиялық өзгерістерге шешім қабылдауы мүмкін.



Ұқсас жаңалықтар