Виртуалды валюта Биткоин құнын 32 пайыз жоғалтты

Биткоин (Bitcoin, BTC) — орталықсыздандырылған виртуальды валюта.

Виртуалды валюта Биткоин құнын 32 пайыз жоғалтты

Виртуалды валюта Биткоиннің құны 2,050 долларға дейін арзандап, соңғы бір аптада 32 пайыз құнын жоғалтты.

Интернеттің банксіз және мемлекетсіз валютасы ретінде қабылданған Биткоиннің құны соңғы апталарда бірнен соң бірі рекорд жаңартып, жексенбі күні 3000 долларға дейін көтерілген болатын.

Алайда бұл аптаның басынан бастап, құнын жоғалта бастаған Биткоин 2,050 долларға дейін құлдырады.

Дүйсенбі күнінен бері 32 пайыз құнын жоғалтқан Биткоин 2015 жылы қаңтар айынан бері осыншама құлдырамаған болатын.

Осылайша Биткоин 20 мамыр күнінен бері қол жеткізген барлық кірістерінен айырылды.

Мамандар осы апта АҚШ-тың технологиялық фирма акцияларының құнын жоғалтқанына назар аударылып, Биткоинге сұраныстың да азайғанын атап көрсетеді.



Ұқсас жаңалықтар