Түркия Катарға 71 ұшақпен 5 мың тонна азық-түлік жеткізді

Экономика министрі Нихат Зейбекчи Түркияның Катарға жасаған жәрдем көлемін жариялады.

Түркия Катарға 71 ұшақпен 5 мың тонна азық-түлік жеткізді

Зейбекчи Стамбұлда Түркия экспортшылар мәжілісі Жалпы кеңес жиналысында жасаған баяндамасында Шығанақ елдерімен дағдарысқа түскен Катарға 71 ұшақпен 5 мың тонна азық-түлік жіберілгенін атап көрсетті.

Катар халқының жедел түрде негізгі қажеттіліктерінің қамтамасыз етілгенін атап көрсеткен Зейбекчи «Бұл аптаның аяғында кемемен тасымалдауымыз басталады. Жүк көліктеріміз болса жолға аттанды. Барша мынаны жақсы білсін: Кімде кім мұқтаж немесе бейшара күйде болса Түркия оның қасында. Бұл әзіз ұлт құрметті президентіміздің басшылығымен ешнәрсеге алаңдамай сол жерге барады» деді.



Ұқсас жаңалықтар