70 миллион жас жұмыссыз бар

Олардың 30 пайызы араб елдерінен.

70 миллион жас жұмыссыз бар

БҰҰ-ға қарасты Халықаралық еңбек ұйымының (ILO)  деректеріне қарағанда,  әлем көлемінде 70 миллион 900 мың жас – жұмыссыз.

Швейцарияның Женева қаласында жарияланған ILO есебінде әлем көлемінде ең жас жұмыссыздың 30 пайызбен араб елдерінде екенін атап көрсетілді.

Халықаралық еңбек ұйымы әлем көлемінде әсіресе жастардың жұмыс табу мақсатымен басқа елдерге көшіп кеткенін,  олардың да әлем халқының 36 пайызы екенін білдірді.

Басқа елдерге көшіп кеткен жас тұрғындардың 44,3 пайызы Африканың оңтүстігіндегі елдерден. Бұдан кейін Солтүстік Африка, Оңтүстік Америка,  Кариб алдары мен Шығыс Еуропа елдерінің жастары келеді.  Америка Құрама Штаттарының солтүстігінде тұрып, басқа елдерге көшіп кеткісі келетін жастардың көрсеткіші болса 17,1 пайыз.

Халықаралық еңбек ұйымы ел үкіметтерінен жастардың жұмыссыздық проблемасын шешуді сұрады.

2009 жылғы жаһандық дағдарыстан кейін де жас жұмыссыздардың саны 77 миллионға жетіп, рекорд жасаған еді.

 



Ұқсас жаңалықтар