Қытай мен АҚШ арасындағы сауда соғысы басталды

Қытаймен жүргізілген сауда соғысының АҚШ-на 1 миллион адамның жұмыссыздығына апарып соғатыны білдірілді.

Қытай мен АҚШ арасындағы сауда соғысы басталды

Қытаймен жүргізілген сауда соғысының Америка Құрама Штаттарына 1 миллион адамның жұмыссыздығына апарып соғатыны білдірілді.

Шинхуа агенттігінің хабарына қарағанда Alibaba-ның  құрушысы және басқару алқасы төрағасы Jack Ma (Ма Йүн) екі жыл бұрын АҚШ президенті Дональд Трамппен кездескенде «АҚШ-та 1  миллион адам жұмыспен қамтамасыз етіледі» деген еді. Енді Jack Ma  Трампқа берген уәдесінен бас тартты.

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғыс салдарынан уәделерін орындауының мүмкін емес екенін білдірген Jack Ma  «Бұл АҚШ пен Қытай арасындағы сауда келісіміне қайшы. Қазіргі жағдай сол кездегіден мүлде басқаша» деген сөздер қолданды.

Jack Ma сонымен қатар сауда соғысының 20 жылға жалғасуы мүмкіндігін баяндап, адамдарға осыған қарата дайындық жасаулары жөнінде ескерту жасады.

Қытайдың ең бай іскері Jack Ma екі аппа алдында басқару алқасы төрағасы міндетінен айрылғанын мәлімдеген.


Этикеттер: экономика , АҚШ , Қытай

Ұқсас жаңалықтар