Жаңа экономикалық бағдарлама

Берат Албайрак Жаңа экономикалық бағдарламаны жариялады.

Жаңа экономикалық бағдарлама

Берат Албайрақ Жаңа экономикалық бағдарламаны жариялады.

Қазына және қаржы министрі Берат Албайрак Жаңа экономика бағдарламасында 2019 жылғы өсу болжамын 2,3 пайыз, инфляция нысанасын болса 15,9 пайыз ретінде жариялады.

Берат Албайрак Президенттік Долмабахче жұмыс офисінде Жаңа экономика бағдарламасын түсіндірді.

Албайрак «Жаңа экономика бағдарламамызды жазған кезде, жаңа бір табыс аңызын жазу нысанамыз бар. Бұл бағдарламаның атын Жаңа экономика бағдарламасы деп қойдық» деді.

Қазына және қаржы министрі Берат Албайрак Жаңа экономика бағдарламасын үш басты негізінде дайындағандарын, сондай-ақ бұлардың да тепе-тең, тәртіп және өзгеріс екенін білдірді.

Берат Албайрак бағдарлама нысаналарының мемлекет шындығымен үйлесімді және экономика басқаруының тез шешім жасау күшімен алдымыздағы 3 жылда жүзеге асырылатынын айтты.

Жаңа экономика бағдарламасында өсу нысаналары 2018 үшін 3,8 пайыз, 2019 үшін 2,3 пайыз, 2020 үшін 3,5 пайыз және 2021 үшін де 5 пайыз ретінде белгіленді.



Ұқсас жаңалықтар