Lufthansa жылдың алғашқы ширегінде 336 миллион еуролық зиянға ұшырады

Компания лауазымдылары билет бағаларының артуы мүмкін екеніне меңзеді.

Lufthansa  жылдың алғашқы ширегінде 336 миллион еуролық зиянға ұшырады

Неміс әуе жолдары компаниясы Lufthansa  тобы жылдың алғашқы ширегінде 336 миллион еуролық зиянға ұшырады. 

Lufthansa тобынан жасалған мәлімдемеге қарағанда, компания жалпы пайдаларын 2019 жылдың алғашқы ширегінде 3 пайыз арттырып, 7.9 миллиард еуроға көтерген. 

Өткен жылдың алғашқы ширегінде 52 миллион еуро болған негізгі пайда көрсеткіші өсім мен салықтан бұрынғы реттелген пайдаға жеткен Lufthansa ағымдағы жылдың ұқсас мезгілінде 336 миллион еуро зиян тартқанын жариялады.

Аталмыш зиянға себеп ретінде 200 миллион еуролық жоғары жанармай шығыны және Еуропа көлеміндегі әуе жолы компаниялары арасында артқан бәсеке көрсетілді.

Неміс компаниясының алғашқы ширектегі зияны нарық талабынан жоғары болып, компания лауазымдылары билет бағаларының артуы мүмкін екеніне меңзеді.



Ұқсас жаңалықтар