Путин Қазақстанда

Назарбаев Петропавл қаласында Путинмен кездесті.

Путин Қазақстанда

Назарбаев Петропавл қаласында Путинмен кездесті.

Қазақстан Президенті  Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығы XIII форумы аясында Петропавл қаласына келген Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті.

Кездесу барысында мемлекеттер басшылары кең ауқымды мәселелерді, соның ішінде екіжақты ынтымақтастықтың дамуының басты бағыттарын талқылады.

Бұдан бөлек, әлемдік және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті жайттар қарастырылды. Қазақстан Президенті Ресейдегі жуырдағы сайлаудың табысты өтуі елде жүргізіліп жатқан тиімді жұмыстардың нәтижесі екенін айтты.

Владимир Путин көрсетілген қонақжайлық үшін ризашылық білдіріп, Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасы стратегиялық серіктестік пен одақтастыққа негізделгенін атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар