Өзбекстан-Татарстан Бизнес Форумы Ташкентте болып өтті

Түрік әлемінен жаңалықтар-40

Өзбекстан-Татарстан Бизнес Форумы Ташкентте болып өтті

 

      

Түрік әлемінде болған жаңалықтардан хабардар болу және бауырлас елдер арасындағы жақындыққа үлес қосу мақсатымен дайындалған «Түрік әлемінен жаңалықтар» атты бағдарламаның кезекті бөлімін сіздерге ұсынамыз.

Бағдарламамызды Өзбекстаннан  келген бір хабармен бастайық.

Өзбекстан-Татарстан Бизнес Форумы Ташкентте болып өтті.

Татарстан Респубикасы Президенті Рустем Минниханов және оның басшылығындағы делегация Өзбекстанға іс сапармен барды. Іссапары аясында ұйымдастырылған форумға Өзбекстан мен Татарстаннан жоғарғы деңгейдегі лауазымдар және іскерлер қатысты.

Форумның беташарында сөз сөйлеген Өзбекстан президентінің орынбасары Гуломжон Ибрагимов мемлекетінің Ресеймен аймақтар арасы ынтымақтастықтың дамытылуына қатты көңіл бөлгенін білдіріп, екі ел арасында қол қойылған үкіметтер арасы келісімнің ынтымақтастықтың дамытылуына мықты бір негіз екенін айтты.

Ибрагимов Өзбекстан мен Татарстан арасындағы сауда, экономикалық қарым-қатынастардың қазіргі потенциалынан көп төмен екенін, осы потенциалдың тіпті де арттырылуы үшін барлық мүмкіншіліктердің жаратылғанын түсіндірді. Ибрагимов Татарстанмен электроника, азық-түлік, егін шаруашылық, текстиль және машина өнеркәсібі салаларындағы ынтымақтастықты дамытқысы келгендерін атап өтті.

Татарстан Республикасы Президенті Рустем Минниханов та «Өзбекстанға іштерінде көптеген министр мен іскерлер де орын алған жоғарғы деңгейдегі делегациямен келгендерін, мақсаттарының тараптар арасындағы ынтымақтастықтың жаңа көкжиектерін белгілеу және жаңа ортақ жобаларды жүзеге асыру екенін айтты.

Ендігі хабарымыз Әзірбайжан жайлы.

Әзірбайжанның Түркиядағы туризм өкілдігі Әзірбайжанның түрік инвестор және туристтерді күткенін хабарлады.

Әзірбайжанның Түркиядағы туризм өкілдігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда жылдық мұнай резерв 8 миллиард баррельдің үстінде болған Әзірбайжан туризм аттанысына өтті.

«Екі мемлекет бір ұлт» түсінігі бойынша Түркиямен қою қарым-қатынасы болған Әзірбайжан егіншілік, азық-түлік импорты, химия өнеркәсібі, текстиль және туризм сынды секторларда түрік инвесторлары үшін үлкен орай ұсынуда.

Әзірбайжанның Түркиядағы туризм өкілдігі төрайымы Нурлана Чакмак тақырыпқа байланысты әсіресе туризм саласында Әзірбайжанда үлкен бір өзгеріс болғанын, инвесторлармен қатар түрік туристтерін де Әзірбайжанға шақырғандарын атап өтті.

Чакмак Әзірбайжанды тек мұнай және газ байлықтарымен ғана емес, тарихы, мәдениеті және табиғи сұлулықтарымен де танытқысы келгенін білдіріп, өткен жылы басталған туризм аттанысының екі ел көлемінде артып жалғасқанын баяндады.

13 елге виза жеңілдігінің жасалғанын мәлімдеген Чакмак «Түрік азаматтарына қақпада виза беру жеңілдігі жасалды. Стамбул, Ресей және Дубай туризм офистері ашылды. Мемлекетімізді таныту үшін түрлі іс-шаралар жасаудамыз. Түркияның осы саладағы тәжірибесінен пайдаланудамыз» деген сөздер қолданды.

Түрік және Әзірбайжан халықтары арасында көптеген ұқсастық жағы бар екенін білдірген Чакмак былай деді: «Сен де Әзірбайжанды көр» деп түріктерді шақырудамыз. Әзірбайжан әлем бойынша жасаған танытулармен және халықаралық организацияларға үй иелігін жасауымен туризмде маңызды бір серпіліс жаратты. Жылдық турист саны 2 миллионнан асты. Алдымыздағы 5 жыл ішінде осы санақтың 3,5 миллионға жетуін нысаналаудамыз. Әзірбайжанда түрік туризм кәсіпкерлерінің инвестициялары маңызды орынға ие. Әр саладағы қою қарым-қатынастарымыз осы процесте түріктер үшін үлкен орай. Бұл жерде сіздерді өте жақсы көретін және қонақжайлы бауырластарыңыз бар.»

Бағдарламамызды Қазақстанмен аяқтаймыз.

Қазақстан Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев 2020 жылға дейін ауылды жерлерде тұратын 2 миллионнан астам адамды жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз ететінін  айтты.

Абаев Министрлер Кеңесі жиналысында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында қала мен ауылдық жерлер арасындағы цифрлық кемдіктерді толықтау үшін 122 қала 1200 ауылға талшықты оптикалық байланыс желісін тартатынын айтты.

1800 ауылға да талшықты оптикалық байланыс желісін тартатынын айтқан Абаев «Жоба 2 миллионнан астам азаматтардың сапалы интернет қолдану мағынасын білдіруде. Жобаның 2018-2020 жылдарында іске қосылуы жоспарлануда» деген сөздер қолданды.

Министр жоба іске асса, 2021 жылға дейін 24 мың километрге жететін талшықты оптикалық байланыс желісі тартылатынын айтады.

Қазақстан 2021 жылына дейін 18 миллиондық санға  ие халықтың 81 пайызының интернет қызметінен пайдалануын жоспарлауда.

 



Ұқсас жаңалықтар