Стамбулда - TRT World Forum

Стамбулда 18 қазан күні жаһандық проблемалар талқыланатын бір форум болады

Стамбулда - TRT World Forum
Стамбулда - TRT World Forum
Стамбулда - TRT World Forum

Стамбулда 18 қазан күні жаһандық проблемалар талқыланатын бір форум болады.

Халықаралық форумның ашылу баяндамасын президент Режеп Тайып Ердоған оқиды. Форумды  Түркияның халықаралық аренадағы даусы TRT World ұйымдастырды.

Стамбулда 18 қазан күні жаһандық проблемалар талқыланатын бір форум болады.

Халықаралық форумның ашылу баяндамасын президент Режеп Тайып Ердоған оқиды. Форумды  Түркияның халықаралық аренадағы даусы TRT World ұйымдастырды.

TRT World актуалды,  мәдени, саяси,  экономикалық және әлеуметтік проблемаларға шешім іздеу мақсатымен бірінші рет ұйымдастыратын TRT World Forum көптеген елден шамамен 400 саясат қайраткері,  іскер,  ғалым,  белсенді және журналистке бас қостырады.

Жыл сайын өткізілуі жоспарланған форумның негізгі тақырыбы «Белгісіздік шағында өзгеріске шабыт беру» болмақ.

TRT World Forum-ның баяндамашылары арасында референдум дағдарысындағы Испанияның бұрынғы премьер-министрі Запатеро, Малкольм Икстың қызы белсенді Ильиаса Шаббас, ТР Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу, Оңтүстік Африка даму министрі Дламини, TRT бас директоры Ибрахим Ерен және RUSI бас директоры Хиппел де орын алуда.

Ұлыбритания сыртқы істер министрлігінде Наным және қоғамдарға жауапты министрлік міндетінен Газа саясаты салдарынан отставкаға кеткен, Ұлыбританияның тұңғыш мұсылман әйел министрі Баронесса Сайида Хуссейн Варси де баяндамашылар арасында болады.

Ағымдағы саяси проблемалар және медиа жауапкершіліктері талқыланатын форумда шетелдіктерге дұшпандық пен Исламофобия,  гуманитарлық көмек,  халықаралық жүйедегі дағдарыс пен осыған шешім ұсыныстарына салмақ салынады.

18 қазан күні кешке “TRT World Citizen”  жобасы таныстырылып,  TRT World-тің гуманитарлық дағдарыстарға байланысты сананы арттыру үшін құрылған әлеуметтік жауапкершілік бастамасы түсіндіріледі.

Жобаның тақырыбы болса жоғалып кеткен босқын балалар.

Сонымен бірге босқындарға байланысты деректі фильмдер де көрсетіледі.

TRT World хабар координаторы Фатих Ер тақырыпқа байланысты: «Сонымен бірге біз хабар орталығы ретінде орган сататын қылмыстық ұйымдардың қолына түскен балаларға байланысты деректі фильм дайындап жатырмыз.  Сол фильмді де көрсетеміз» деді.

Форум және қатысушыларға байланысты мағлұматты forum.trtworld.com  адресінен табуға болады.

 



Ұқсас жаңалықтар