Түркия-Украина ынтымақтастығы

Түрік сыртқы саясатының бағдары 49

Түркия-Украина ынтымақтастығы

Түркия Республикасы Украинаның тәуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсан күні таныды және дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылы 3 ақпан күні құрылды. Түркия-Украина ынтымақтастығы 2011 жылы құрылған Жоғары деңгейлі стратегиялық кеңес (YDSK) механизмі арқылы стратегиялық ортақтық деңгейіне көтерілді. Екі ел арасында 2012 жылы 1 тамыз күні визасыз саяхат режимі іске қосылды. 2016 жылғы мағлұматтарға қарағанда Түркияның Украинаға экспорты 1,25 миллиард доллар болса, Украинадан импорты болса 2,55 миллиард долларды құрайды. Сауда айналымы да 3,8 миллиард доллар ретінде жүзеге асты.

Экономикадан қорғаныс өнеркәсібіне, туризмнен мәдени жұмыстарға дейін әр салада жетіліп жатқан Түркия-Украина қарым-қатынастары, 2014 жылы Ресейдің Қырымды аннексиялауымен қарым-қатынастар стратегиялық тұғырға ұласты. 2013 жылы Украинада басталған дағдарыстың басынан бері елдің шекара тұтастығына назар аударған Түркия алдымен Қырым түріктерінің құқығын көздеп, халықаралық саладағы байланыстарын осы тақырып негізінде жалғастыруда. Сондай-ақ Анкара Қаратеңізде жағалау көршісі екі елді бір-бірімен достастыруға тырысса да, 2015 жылы Ресейдің Сирия дағдарысына араласып, аймақта әскери операциялар жүргізуі әбден басқаша бір кезеңнің басталуына ықпал етті.

Әсіресе Түркия мен Ресей арасындағы «ұшақ дағдарысы» екі елдің маңызды бір мәселесіне айналып, осы кезеңде Анкара-Киев қарым-қатынастары одан да ілгеріледі. Алдағы кезеңде Түркия мен Ресей дағдарысты кезеңді артта қалдырып, әртүрлі салада ынтымақтастыққа бағытталса да, әрі Анкара, әрі Киев Түркия-Украина ынтымақтастығының қаншама стратегиялық маңызға ие екенін байқады.

Анкараның соңғы жылдары жүзеге асырған қорғаныс өнеркәсібі бастамалары технологияны алмасуларды күн тәртібіне әкелгенмен, НАТО елдері осы қажеттіліктерді қамтамасыз етпеді.

Киев болса әрі елдің шығысында жалғасқан қақтығыстар, әрі Ресейдің жаңа әскери бастамалары себепті Украина Қарулы Күштерін күшейтуге тырысуда. Қорғаныс өнеркәсібі саласында маңызды бір ақпараттық тәжірибеге ие Украина мен әлемнің ең мықты армияларының бірі Түркияның қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы нысаналары екі елді бір-бірі үшін маңызды екі ортаққа айналдыруда. Ақыры Анкара мен Киев 2014 жылы әскери-техникалық ынтымақтастық келісімін жаңартса, радар өндірісі, сауытты көлік, соғыс ұшақтары, зымыран жүйелері, адамсыз әуе көлігі, ұшақ моторы, навигация мен ғарыш салалары сияқты көптеген тақырыпта ортақ өндіріс үшін келісім жасады. Осы кезеңде Түркия Украина Қарулы Күштеріне құны 20 миллион лира болған әскери оқ-дәрілер және жабдықтармен қамтамасыз етсе, Украина Мемлекеттік қорғаныс өнеркәсібі менеджменті «Ukroboronprom» және түрік «Аселсан» фирмасы арасында ынтымақтастық қалыптасты. Жасалған келісімге қарағанда Аселсанның Украина армиясына коммуникация үшін жетілген технологиялық рациялар қамтамасыз ететіні білдірілді. Сондай-ай 2018 жылы шілде айында қорғаныс өнеркәсібі саласында жалғасқан жұмыстарды жылдамдату мақсатты 1-ші Түркия-Украина Қорғаныс өнеркәсібі ынтымақтастық жиналысы ұйымдастырылды.

Туризм саласындағы жаңалықтар да екі ел арасындағы қарым-қатынастарға болымды ықпал етеді. 2012 жылы екі жақты визасыз саяхат режимін бастаған екі ел 2017 жылы маусым айынан бастап паспортсыз саяхат кезеңіне өтті. Төлқұжаттармен жүргізілген саяхаттар екі жақты ынтымақтастықта қол жеткізілген жетістікті көрсетеді. Украинада шетелге барғандардың шамамен 70 пайызы Түркияны таңдауда. 2018 жылды өткен жылмен салыстырғанда 20 пайыз артқан келушілер саны 1.3 миллион адамға ұласты. Жылдың соңына дейін украиналық туристтердің 1.5 миллионға жетуі күтіледі. Осы көрсеткіштерге қарағанда Украина Түркияға ең көп турист жолдаған жетінші мемлекет болып табылады. Түркиядан Украинаға барған турист саны болса жыл сайын артып, 2018 жылы 300 мыңға ұласты.

Соңғы кезеңде Түркияның Украинадағы инвестициялары себепті украин халқының түрік тіліне деген қызығушылығы да артты. Осы тұрғыдан Киевте ашылған Юнус Эмре Мәдениет Орталығы тарапынан қысқа уақыт бұрын «Украинада одан көп Түркия, Түркияда одан көп Украина» ұранымен түрік тілі курстары ұйымдастырыла бастады.

Анкара Түркия-Украина ынтымақтастығының ең маңызды тұстарының бірі ретінде Қырым түріктеріне де әр қашан қолдау көрсете алады. Түркия Украина дағдарысының басынан бастап, Қырым түріктерінің лидері Украина депутаты Мұстафа Джемилевпен жақын байланыста. Украинада өмір сүрген Қырым түріктері, Ахыска (Месхет) түріктері және Гөкоғуз түріктері сияқты Түркияда өмір сүрген украиналықтар да екі жақты ынтымақтастықты жетілдіруде маңызды рол атқарады. Түркияда Стамбул Университеті құрамында украин тілі мен әдебиеті кафедрасы ашылса, әртүрлі оқу ордасында украин тілі курстары ашылды. Осы кезеңде Түркияда 12 дана Украина қоғамы құрылса, Анкарада Украина хабар агенттігі «Ukrinform» офисі ашылды.

Саяси, экономикалық, әскери, дипломатиялық және мәдени салаларда соңғы төрт жылда маңызды жетістіктерге қол жеткізген Түркия-Украина қарым-қатынастары екі ел үшін аса маңызды болып табылады. Қаратеңізге жағалауы бар екі маңызды күштің ынтымақтастығы стратегиялық бір ортақтыққа айналды. Әсіресе әрі Анкараның, әрі Киевтің Қаратеңізден бастап әртүрлі тақырыптарда ортақ қозғалып, ынтымақтасуы келешекте екі елдің де мүддесіне болмақ.



Ұқсас жаңалықтар