Әлем баспасөзіне шолу

Агенттіктер Түркия жөніндегі хабарларға орын берген.

Әлем баспасөзіне шолу

AP агенттігі президент Ердоғанның тұтқындалған Америка консулдығы қызметкері жөнінде айтқан сөздерін хабар қылып жариялаған. Хабарға қарағанда,  президент Режеп Тайып Ердоған түрік органдары тарапынан тұтқындалған Америка Құрама Штаттары бас консулдығы қызметкерін тыңшы деп атады және Түркияның осындай «ішкі қатер алдында» қажетті қадамды басуға құқығы бар екенін айтты. Сербияның бас қаласы Белградта баспасөз мәслихатында сөз сөйлеген Ердоған «Бұл тыңшылар АҚШ Бас консулдығына қалай кірді? Кім орналастырды?» деді.

Ресейдегі Риа Новости агенттігі «Түркия премьер-министрі Идлибте атысты тоқтату бақылау пункттерін қалыптастыру туралы айтты» деген хабар жариялаған.  Премьер-министр Бинали Йылдырым Түрік Қарулы күштерінің Идлибте бітімге бағынып бағынбағанын бақылайтын бақылау пункттерінің қалыптастырылуы үшін 8 қазан күнінен бері барлау-ақпар жұмыстарын жүргізгенін білдірді. Әділет және даму партиясының мәжілістегі фракциясының жиналысында сөз сөйлеген премьер-министр айырықша Анкара мен Вашингтон арасында басталған дипломатиялық дағдарыстан кейін түрік азаматтарына виза беруді тоқтатқанын білдірген АҚШ-тың осы қимылының екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікке жараспайтынын айтты.

Ирандағы парсы агенттігі «Түркия Сыртқы істері АҚШ-тың елшісінің кездесу талабын кері қайтарды» деген хабар жариялаған.  Хабарға қарағанда Түркия Әділет министрі Абдулхамит Гүл Түркия жөнінде орынсыз мәлімдемелер жасаған Америка Құрама Штаттарының Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі Джон Басстың кездесу талабын қабылдамады.  Түркияның осы ұстанымы АҚШ-ты таңғалдырды.

Германиядан Deutsche Welle экономика хабарына орын берген. Хабарға қарағанда,  Халықаралық Валюта фонды IMF Түркия үшін жалпы ішкі өнімінің өсу болжамын биылға 5,1 пайыз,  2018 жыл үшін 3,5 пайызға көтерді.  IMF Түркияға байланысты өсім болжамын көтеруіне себеп ретінде бірінші ширекте экспорттағы жинақталуға байланысты түрік экономикасының күткеннен көп өсуін және кеңею саясаттарын көрсетті. IMF күтілген салық арзандауы жүзеге аспағандықтан АҚШ үшін экономикалық өсім болжамын өзгерпеді.  Евро аймағы, Жапония,  Қытай, Түркия сынды аймақтардағы елдер мен Ресей үшін болса болжамын көтерді.



Ұқсас жаңалықтар