Көпқабатты үйде шыққан өртте қаза тапқандар саны 79-ға ұласты

Лондонда 24 қабатты ғимаратта шыққан өртте опат болғандар саны 79-ға ұласты.

Көпқабатты үйде шыққан өртте қаза тапқандар саны 79-ға ұласты

Ұлыбританияның бас қаласы Лондонда 24 қабатты ғимаратта шыққан өртте мерт болғандар саны 79-ға ұласты.

Полиция өрт кезінде жоғалып табылмаған адамдарды да қаза тапқандар тізіміне тіркейтінін жариялаған болатын.

Өрттің жауапкерсіздік салдарынан шыққанын алға тартқандар мен жергілікті әкімшіліктерді айыптағандардың протесттері бір апта жалғасты.

Ереуілшілер премьер-министр Тереза Мэйдің отставкаға кетуін талап етуде. Тереза Мэй өрттен зардап шеккендерге 5 миллион стерлинг жәрдем жасайтындарын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар