Ирак күрд автономиясы кері қадам басты

Әкімшілік диалогқа дайын екенін білдірді.

Ирак күрд автономиясы кері қадам басты

Ирак күрд автономиясы 25 қыркүйек күні өткен заңсыз референдумнан кейін кері қадам басып,  Бағдат әкімшілігімен келіссөз жүргізгісі келетінін хабарлады.

Аймақтық әкімшілік Месут Барзани басшылығында бас қосты.

Бағдат тарапынан басылған қадамдар арқылы қимылдай алмай қалған Ирак күрд автономиясы жиналыстан кейін «диалогқа дайынбыз» деген мәлімдеме жасады.

Аймақтық әкімшілік: «Әуежайлары,  шекара қақпалары және банктер жөнінде Бағдат әкімшілігімен кездескіміз келеді» деді.

Бағдат әкімшілігі әуежайлары мен шекаралардың өздеріне тапсырылмауы жағдайында әскери операция жасайтынын білдірген болатын.  Бұдан бұрын «қажет болса,  соғысамыз» деген Эрбиль болса Бағдаттың 50 мың адамдық армиямен солтүстікке қарай жылжығаны жөніндегі хабарлардан кейін диалогқа шақыру тастады.



Ұқсас жаңалықтар