Керкукте дағдарыс болуда

ИКАӘИ қауіпсіздік агенттігі Ирак армиясының  Керкукке  әскери жасақтар жинағанын алға тартты.

Керкукте дағдарыс болуда

ИКАӘИ қауіпсіздік агенттігі Ирак армиясының  Керкукке  әскери жасақтар жинағанын алға тартты.

Ирак күрд аймақтық әкімшілігі қауіпсіздік агенттігі Ирак армиясы және Хашди Шабидің Керкукте әскери жасақтар жинағанын, мұнай құдықтары мен әскери әуе жайын бақылау астына алуды жоспарлағанын алға тартты.

Қауіпсіздік агенттігі тарапынан Твитт арқылы жасалған мәлімдемеде «Ирак армиясы және Хашди Шабидің Керкуктің оңтүстігіндегі Бешир ауылы мен Тазехурмату қалашығына танк, зеңбірек және басқа қару-жарақ апарғаны анықталды» деген сөздерге орын берген.

Мәлімдемеде Ирак армиясы және Хашди Шабидің қаланың оңтүстігіне әскери жасақтар жинау себебінің Пешмерга бақылауындағы мұнай құдықтарын, әуе жайын және әскери базаларын қолға түсіру екенін пайымдады.

Сонымен қатар мәлімдемеде Пешмерга мен Ирак армиясы және Хашди Шаби күштері арасындағы қашықтықтың үш километр болғанын жариялады. 



Ұқсас жаңалықтар