Трамп бүгін Иран стратегиясын жариялайды

Салихи болса Еуропада қолдау іздеуде.

Трамп бүгін Иран стратегиясын жариялайды

Америка Құрама Штаттары президенті Доналдь Трамп бүгін елінің Иранға бағытталған жаңа стратегиясын жариялайды.

Трамптың Иранмен 2015 жылы келісілген ядролық келісімнің күшін жою жөніндегі пікірін айтатыны білдірілді.

Осы арада Иран Атом энергия мекемесінің төрағасы Али Екбер Салихи ядролық келісімнің күшінде қалуы үшін Еуропада қолдау іздеуде.

Салихи Ұлыбританияның бас қаласы Лондондағы байланыстары барысында Иран Төңкеріс қорғаушыларының терроризм тізіміне алынуының АҚШ-тың Иран халқына бағытталған жауша ұстанымының бір туындысы болатынын айтты.

Салихи 5+1 елдері деп аталған БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты бес мүшесі және Германиямен 2015 жылы қол қойылған келісімнің тағдырын талқылау үшін Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Борис Джонсонмен бас қосты.



Ұқсас жаңалықтар