Вьетнамда су тасқыны

Басшылар 39 адамның жоғалып кеткенін білдірді.

Вьетнамда су тасқыны

Вьетнамда дауыл мен нөсерден кейін су тасқыны болып,  топырақ көшкінінде 54 адам қаза тапты.

Басшылар 39 адамның жоғалып кеткенін білдірді.

Вьетнам Апат басқару мекемесінің хабарламасында су тасқыны және топырақ көшкіні салдарынан 31 адамның жарақат алғаны, 30 мыңнан астам үйдің су астында қалғаны айтылды.

Елдің орталық және солтүстік аймақтарында болған су тасқыны мен топырақ көшкіні салдарынан жол қатынасы да тоқтап қалды. Көптеген мал шаруашылығына зиян келді.

Осы елдің солтүстігінде тамыз айында болған су тасқындарында да 26 адам қаза тауып еді.

Вьетнамда жыл сайын дауыл мен су тасқындарында жүздеген адам опат болуда.



Ұқсас жаңалықтар