АҚШ Мемлекеттік хатшысы алаңдайтынын білдірді

Тиллерсон бір жиында Аракан мәселесіне тоқталды.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы алаңдайтынын білдірді

Америка Құрама Штаттары Мемлекеттік хатшысы Тиллерсон «Әлем Араканнан келген қорқынышты хабарларға алаңсыз отыра алмайды. Оқиғаларға жоғары деңгейдегі әскерилер жауапты деп есептейміз» деді.

Тиллерсон Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығында АҚШ және Үндістан қатынастары жөнінде өткізілген жиында Аракан тақырыбына тоқталды.

Араканда болған оқиғаларға «өте қатты алаңдағанын» білдірген Тиллерсон «Әлем осы аймақтан келген хабарларға алаңсыз қарап қала алмайды» деді.

«Жоғары деңгейдегі әскерилерді жауапты деп есептейміз» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар