БҰҰ Израильден 16 жасар Тәмимидің босатылуын талап етті

БҰҰ Израиль әскери соты тұтқындаған «Ханзала батылдық сыйлығының» жүлдегері 16 жасар Ахед эт-Тәмимиді босатуға шақырды.

БҰҰ Израильден 16 жасар Тәмимидің босатылуын талап етті

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Адам құқықтары Палестина арнайы рапортын дайындаған Майкл Линк Израиль әскери соты тарапынан тұтқындалған және сот процесі жалғасқан «Ханзала батылдық сыйлығының» жүлдегері палестиналық 16 жасар Ахед эт-Тәмимидің босатылуын талап етті.

Линк жасаған мәлімдемеде басқыншылық астындағы Батыс Шерияның Рамаллах қаласындағы Офер Әскери соты тарапынан кеше болып өткен отырыста 11 наурыз күніне қалдырылған сот отырысының халықаралық заңдарға сәйкес өткізілу керектігі атап көрсетілді.

БҰҰ Бас Ассамблеясының Жалпы Кеңесінде 1989 жылы 20 қараша күні қол қойылған және Израиль де тарап болған Балалардың құқықтары жөніндегі келісімде балалардың соңғы шара ретінде және қысқа мерзімге еркіндігінің шектеле алатыны ашық түрде көрсетілгенін жеткізген Линк Израильдің бұл келісімді бұзғанын білдірді.

Линк Израиль мекемелерін балаларға берілген негізгі құқықтарды құрметтеуге және Тәмимиді босатуға шақырды.

Линк Израильдің жыл сайын 500-700 аралығында баланы тұтқындап, оларға тергеу жүргізілгеніне назар аударды. Кеше сотқа қолдарына кісең тағылып әкелінген Тәмимидің саусақтарымен «жеңіс» белгісі көрсеткені байқалды.

Израиль әскерлері 16 жасар Тәмимиді 19 желтоқсан күні Рамаллахта жанұясымен өмір сүрген үйіне басқын жасап тергеуге алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар