Израиль полициясы Нетаньяхудың айыпты екенін дәлелдеді

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың сыбайлас жемқорлық жасағаны жарияланған соң отставкаға кетуі мүмкін екені атап көрсетілді.

Израиль полициясы Нетаньяхудың айыпты екенін дәлелдеді

Израиль полициясы жасаған жазбаша мәлімдемемен Нетаньяху туралы ашылған екі бөлек тергеу барысында премьер-министр жайлы жеткілікті дәлелдерге қол жеткізілгенін атап көрсетті.

Израиль полициясы мемлекеттік прокуратураға Нетаньяху туралы парақорлық, сыбайлас жемқорлық және артылған сенімді асыра пайдалану қылмыстарынан айыптау акті дайындауды ұсынды.

Премьер-министр Нетаньяху болса полициясының мәлімдемесінің артынан өзі туралы мәлімдемелердің негізсіз екенін алға тартты.

Нетаньяхудың сыбайлас жемқорлық жасағаны ашық түрде жарияланған соң отставкаға кетуі мүмкін екені атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар