"Сирияны бомбалаймыз"

Франция президенті журналисттермен бас қосты.

"Сирияны бомбалаймыз"

Франция президенті Эммануэль Макрон Асад әкімшілігінің азаматтарға химиялық қару қолданғаны жөнінде айғақ болса,  химиялық қару тұрған жерлерді бомбалайтынын айтты.

Елисей сарайында журналистермен бас қосқан Макрон Сирияда азаматтарға қарсы химиялық қару қолданылуының Франция үшін «қызыл сызық» екенін айтты.

Макрон бүгін азаматтарға қарсы химиялық қару қолданылғаны жөнінде қолдарында бір айғақ жоқтығын айтып,  бұл тақырыпты жіті бақылап отырғандарын білдірді.

Сирия Адам құқықтары желісі Асад әкімшілігінің қазірге дейін 211 рет елді мекендерге қарсы химиялық қарумен шабуыл жасағанын,  осы шабуылдарда 1421 адам қаза тапқанын жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар