Хоуситтер Сауд Арабиясына зымыран шабуылы жасады

Сауд Арабиясы Йеменнен атылған бір баллистикалық зымыранның Неджран қаласы әуе кеңістігінде жойылғанын жариялады.

Хоуситтер Сауд Арабиясына зымыран шабуылы жасады

Сауд Арабиясы Әл-Ихбариййе телеарнасында орын алған хабарға қарағанда Әуе қорғаныс күштері хоуситтер тарапынан Йеменнен атылған зымыранның шекара желісіндегі Неджран қаласы үстінде жойылғанын білдірді.

Хоуситтерге қарасты Әл-Месире телеарнасында орын алған бір хабарда болса «Зымыран күштері» тарапынан Неджрандағы электр станциясына бағыттап баллистикалық зымыран атылғаны алға тартылды.

Хоуситтер лақтырған соңғы зымыранмен бірге 5 күнде Сауд Арабиясына атылған баллистикалық зымыран саны 6-ға ұласты.



Ұқсас жаңалықтар