Мысырда 299 адам террор тізімінен шығарылды

Мысырда Жоғары сот 299 күдіктіні террор тізімінен шығаруға шешім қабылдады.

Мысырда 299 адам террор тізімінен шығарылды

Мысыр ресми хабар агенттігі MENA «террор ұйымы ДАИШ» сот процесі аясында аттары террор тізіміне алынған 299 күдіктінің адвокаттары тарапынан жоғары сотқа берілген жазбаша наразылықтың қабылданғаны және аталмыш тұлғалардың террор тізімінен шығарылғанын жариялады.

Каир Жаза соты 2017 жылы 1 маусым күні 299 күдіктіні террор тізіміне енгізген болатын.

Күдіктілердің адвокаты 15 тамыз күні сот шешіміне наразылық көрсетіп, жоғары сотқа шағымданған еді.



Ұқсас жаңалықтар