«Үлкен жетілік» мемлекеттері химиялық шабуылын айыптады

«Үлкен жетілік» мемлекеттерінің басшылары 7 сәуір күні Асад режимінің Шығыс Гутаға жасаған химиялық шабуылын айыптады.

«Үлкен жетілік» мемлекеттері химиялық шабуылын айыптады

Әлемнің жетілген 7 нарықтық экономикасы құрған «Үлкен жетілік» мемлекеттерінің басшылары Сирияның Асад режимінің 7 сәуір күні Шығыс Гутада жасаған химиялық шабуылын айыптады.

Канада премьер-министрі Джастина Трюдо «Үлкен жетілік» мемлекеттері кезекті төрағасы ретінде басшылар атынан жасаған мәлімдемеде «Біздер Үлкен жетілікке мүше елдердің басшылары мен Еуроодақ ретінде Сирия режимінің Шығыс Гутадағы химиялық қару шабуылын қатаң түрде айыптаймыз» деді.

Трюдо АҚШ, Ұлыбритания мен Францияның Асад режимінің химиялық қару қолданысы қабілетін бұзу және келешекте жасалуы ықтимал мұндай оқиғалардың алдын алу үшін жүргізілген әртүрлі талпыныстарға толық қолдау бергендерін атап көрсетті.

Сирия режимінің Шығыс Гутада оппозицияның бақылауындағы соңғы аймақ болған Дума ауданында азаматтық тұрғын аймақтарына 7 сәуір күні жасаған химиялық қару шабуылында 78 жазықсыз адам қаза тапқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар