Ресей Кашыкчы оқиғасының тергеу нәтижелерін күтуде

Ресей Президент Путин Джемал Кашыкчы оқиғасы тақырыбында мәлімдеме жасады.

Ресей Кашыкчы оқиғасының тергеу нәтижелерін күтуде

Ресей Президенті Владимир Путин жоғалып кеткен сауд текті журналист Джемал Кашыкчы оқиғасы салдарынан Сауд Арабиясымен қарым-қатынастарды бұзбай, алдымен тергеудің нәтижелерін күту керектігін түсіндірді.

Путин астана Мәскеудегі Халықаралық ой-пікір клубында баяндама жасады.

Путин баяндамасында 2 қазан күні Стамбулдағы Сауд Арабиясы Бас консулдығына кіргеннен кейін із-түзсіз жоғалып кеткен сауд текті журналист Джемал Кашыкчы жөнінде оқиғасына тоқталды.

Ресейдің Сауд Арабиясымен қарым-қатынастарын бұзу үшін әлі нақтылы бір себептің болмағанын білдірген Путин «Кашыкчыға нақтылы не болғанын білмейміз. Сауд текті журналистке не болғанын білмеген жағдайда Сауд Арабиясымен болған қарым-қатынастарды бұзу дұрыс емес. Тергеудің нәтижелерін күтуіміз керек» деді.Ресей Президент Путин Джемал Кашыкчы оқиғасы тақырыбында мәлімдеме жасады.



Ұқсас жаңалықтар