Иран Сирияда университет ашады

Иран Тегерандағы Тербиети Мүдеррис Университетінің бір филиалын Сирияда ашатынын хабарлады.

Иран Сирияда университет ашады

Иран Тегерандағы Тербиети Мүдеррис Университетінің бір филиалын Сирияда ашатынын хабарлады.

Тегеранда Сирия мен Иранның парламенттер арасы достық тобының мүшелері Иран Ғылыми зерттеу және технология министр Мансур Голамимен кездесті. Министр Сирияда университет филиалын ашатындарын білдірді.

 Иранның ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда,  университет сириялық талапкерлердің өз елдерінде білім алуы мақсатымен құрылады.

«Бұл университет сириялық талапкерлерге әсіресе магистратура және докторантураны өз елдерінде жалғастыру мүмкіндігін береді» деді ол.

Сирияның болашағында түрлі секторларда орын алғысы келетіндерін бірнеше мәрте білдірген Иран лауазым иелері Башар Асад әкімшілігімен бұдан бұрын да құрылыс,  инфрақұрылым және сауда келісімдеріне қол қойған болатын.



Ұқсас жаңалықтар