Теңіз деңгейі көтеріледі

Зерттеу қорытындылары "Nature"  журналында жарияланды.

Теңіз деңгейі көтеріледі

Гренландияда ірі мұздықтар ери бастағандықтан, теңіз суының деңгейі 7 метрге дейін көтеріледі. Woods Hole мұхиттану институтының зерттеушілері Гренландиядағы мұздықтардың 20-ғасыр орташасымен салыстырғанда 33 пайыз көп ерігенін анықтады.

Зерттеуші Сара Дас Гренландиядағы мұздықтардың едәуір жылдам ери бастағанын білдірді. Зерттеу мұздықтар осы жылдамдықпен еруді жалғастырса,  теңіз су деңгейінің 7 метрге дейін көтерілетінін көрсетті.

Ал теңіз деңгейінің көтерілуі әлемде жағалауға жақын орналасқан он ірі қаласының сегізіне әсер ететін көрінеді.

Зерттеу қорытындылары "Nature"  журналында жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар