Помпео Сауд Арабиясында

Сауд Арабиясына барған Помпео король Селман бин Абдулазизбен кездесті.

Помпео Сауд Арабиясында

Америка Құрама Штаттары Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Таяу Шығыс сапары аясында Сауд Арабиясына барды.

Катардағы сапарынан кейін Сауд Арабиясына барған Помпео король Селман бин Абдулазизбен кездесті.

Помпео Сауд Арабиясының Сыртқы байланыстарға жауапты мемлекеттік министрі Адил әл Джубейр және Америка Құрама Штаттарындағы өкілетті елшісі Халид бин Селманмен кездесіп, Эр-Риад әкімшілігінің журналист Хашхаджи қастандығын тергеуін жалғастыруын сұрады.

Ел екі арасындағы қарым-қатынастар АҚШ сенатының Хашхаджи қастандығынан Сауд Арабиясының таққа мұрагер ханзадасы Мұхаммед бин Селманды жауапты деп тапқан жобаны қабылдауынан кейін күрделене түсті.

Майк Помпео Сауд Арабиясына Иордания,  Мысыр,  Біріккен Араб Әмірліктері және Катарды қамтитын сапары аясында барды.



Ұқсас жаңалықтар