Синдзо Абэ Император Нарухитоға таққа шыққанан кейін тұңғыш рет сәлем бере барды

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ әкесі Акихито шегінген таққа айдың басында шыққан Нарухитоның астана Токиодағы Империя сарайына барды.

Синдзо Абэ Император Нарухитоға таққа шыққанан кейін тұңғыш рет сәлем бере барды

Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэ Император Нарухитоға таққа шыққанан кейін тұңғыш рет сәлем бере барды.

Ұлттық телеарнаның хабарына қарағанда, премьер-министр Синдзо Абэ әкесі Акихито шегінген таққа айдың басында шыққан Нарухитоның астана Токиодағы Империя сарайына барды.

Нарухитоға мемлекет жұмыстарына байланысты мәлімет берген Абэнің кездесуі жөніндегі сурет Империяның әкімшілік агенттігі тарапынан қоғаммен бөлісілді.

Абэ кездесуде айдың соңында Жапонияға келіп, Нарухитомен кездесетін тұңғыш шетелдік лидер болуы күтілген Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамптың зияратына байланысты жағдайды түсінідірді.

Хризантема (Бақытгүл) тағының бұрынғы иесі Акихито 2016 жылы жасы ұлғайғандықтан денсаулығының нашарлағанын білдіріп, тақтан шегінетінін жариялаған және 30 сәуірде тақтан шегініп "Эмерит Император" атағын алған болатын. 

 



Ұқсас жаңалықтар