Түркия мен Жапония бірбіріне ұқсайтын елдер

Анкарада Жапония фестивалі басталды.

Түркия мен Жапония бірбіріне ұқсайтын елдер

Мәдениет және туризм министрі Нуман Куртулмуш Түркия мен Жапонияның дәстүрлеріне құрмет,  отбасы құрылымы,  қоғамдық қатынастар тұрғысынан ұқсас екенін айтты.

Министр Анкарадағы Түрік жапон фонды Мәдениет орталығындағы «2018 Жапония фестивалінің» беташарында сөз сөйледі.

Екі ел арасындағы ұқсастықтардың халықтардың бірбіріне симпаниямен қарауына жол ашқанын тілге тиек еткен Куртулмуш: «Алдымыздағы жылы Жапонияда Түркия жылын жариялаймыз. Бұл соңғы рет 2003 жылы болған еді» деді.

Жапонияның мемлекеттік министрі Масажи Матсуяма болса Жапония фестивалі аясында кино,  калиграфия секілді жапон мәдениетін таныстыратын көптеген шараның жоспарланғанын айтып: «Футболда Жапония атынан ойнайтын Юто Нагатомоның Галатасарайға трансфер болуына орай Жапонияда Түркияға дешген қызығушылық артады деп ойлаймын» деді.



Ұқсас жаңалықтар