Живанши қайтыс болды

Юбер Живанши 91 жасында қайтыс болды.

Живанши қайтыс болды

Француз модасының алтын шағының куәгері Юбер Живанши 91 жасында қайтыс болды.

Көптеген жылдар бойы Одри Хепбернмен бірге Гиннес, Грималди және Кеннеди отбасыларына киім жобалаған француз мода шебері Живанши 10 наурыз сенбі күні ұйықтап жатқан жерінде қайтыс болды.

Живанши үшін отбасы мен ең жақын достары қатысатын жаназа рәсімі ұйымдастырылады.

Францияда 1927 жылы дүниеге келген Живанши 1952 жылы Парижде алңашқы сән үйін ашты.  Живаншидің ең атақты киімдерінің бірі Одри Хепберн киген «қысқа қара көйлек» болатын.

Живанши 1957 жылы Одри Хепберн үшін әтір өндіріп, әтір нарығына да кірді.



Ұқсас жаңалықтар