Шетелдік студенттерге стипендия беріледі

YTB табысты студенттерге стипендия тағайындады.

Шетелдік студенттерге стипендия беріледі

Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасы (YTB) Түркияда университетте оқитын табысты шетелдік студенттерге стипендия береді.

Түркияда бакалавр,  магистратура және докторантура деңгейінде кемінде бір жыл оқыған, шарттарға сай табысты шетелдік студенттерге бір оқу жылы үшін стипендия берілетін болды.

Табыс стипендиясын алуға лайықты шетелдік бакалавр студенттеріне 440 түрік лирасы,  магистратура студенттеріне 590 түрік лирасы,  докторантура студенттеріне 880 түрік лирасы беріледі.  Бір жыл үшін жоспарланған айлық стипендия тек оқу кезеңінде беріледі.

Стипендияға өтінім беретін студенттің шетел азаматы, егер қос азаматтығы болса,  олардың бірі Түркия Республикасы азаматы болмауы керек.

Табыс стипендиясын алу үшін бакалавр студенттерінің бағасы 4 ұпайдан кемінде 3, магистратура үшін 4 ұпайдан кемінде 3,5 болуы қажет.

Сонымен бірге талапкерлер мемлекет, үкіметтен басқа стипендия алмайтын болуы қажет.

Өтінім https://tbbs.turkiyeburslari.gov.tr адресінен беріледі.  Уақыты 2 қараша күні аяқталады.



Ұқсас жаңалықтар