Мәулананы еске алу бағдарламасы басталды

Әзірет Мәулананың қайтыс болғанына 745 жыл толуына орай Халықаралық еске алу бағдарламасы басталды.

Мәулананы еске алу бағдарламасы басталды

Әзірет Мәулананың қайтыс болғанына 745 жыл толуына орай Халықаралық еске алу бағдарламасы басталды.

Әзірет Мәулананың қайтыс болғанына 745 жыл толуына орай Халықаралық еске алу бағдарламасы (Шеби Арус) Қоршаған орта және қала құрылымы министрі Мұрат Қурум да қатысқан шерумен Конияда басталды.  

Бағдарламаға Қоршаған орта және қала құрылымы министрі Мұрат Қурум, Кония губернаторы Гүнейт Орхан Топрак, Кония қаласының әкімі Угур Ибрахим Алтай, Кония провинциясы мәдениет және туризм басқармасы төрағасы Абдуссеттар Ярар, Әділет және даму партиясының Кония провинциясы төрағасы Хасан Ангы және бірқатар лауазым иелері мен қонақтар қатысты.

Осы аяда Кония қаласында түрлі жиындар,  көрмелер,  мәдени шаралар,  ғылыми жиындар,  шеберлік сабақтар,  концерт, фильм қойылымдары ұйымдастырылады.



Ұқсас жаңалықтар