Ежелгі қала Эфес

Ежелгі қалаға христиан әлемінен келушілер өте көп.

Ежелгі қала Эфес

Тарихта әртүрлі өркениеттерге мекен болған Анадолы жерінің көптеген ежелгі қаласы бар. Осы ежелгі қалалардың ең маңыздыларының бірі – Эфес.

Түркияның Эгей аймағында Измир қаласында орналасқан ежелгі Эфес қаласы алғашқы ғасырлардан бастап, Эллен, Рим, Шығыс Рим, Мырзалықтар мен Осман империясы дәуірінде шамамен 9000 жыл үздіксіз қоныс, сондай-ақ тарих бойынша аса маңызды бір портты қала ретінде мәдени және сауда орталығы болған.

**

Ежелгі Эфес қаласының құрылған дәуірі біздің дәуірімізге дейінгі жылдарға, неолитикалық  тас дәуіріне дейін барады... Соңғы жылдары жасалған зерттеулерде хеттіктерге тиесілі орындар табылды. Рим империясы кезінде жарқын кезеңін бастан кешкен Эфес Азия уәлаяттарының ең үлкен порты болатын. 1330 жылы түріктердің билігіне өтіп, түрік мырзалықтарының бірінің орталығы болды. Уақыт өткен сайын маңызды бір порт қаласы болу ерекшелігінен айырылды және кішірейді. Қазір Измирдің Селшұқ ауданына қарасты жыл сайын мыңдаған турист аралаған ежелгі бір қала болып табылады…

Эфес тарих бойынша көп рет орын алмастырғаны себепті қазбалық орындар да кең  алаңға тараған… Шамамен 8 шаршы шақырымдық бір алаңды алып жатқан осы қазба орындары арасында жылдар бойы  реставрация және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

**

Эфес – әртүрлі кезеңдердің  жетілген қала мәдениеті, сәулетшілік пен наным тарихын көрсететін символдарға ие. Осылардың ең маңыздысы - әлемнің жетінші кереметі болып аталған Артемида ғибадатханасы… Христиандар  Иса пайғамбардың дінді уағыздаушы досы Әзіз Джонның Яхияның киелі кітабын (христианлардың қасиетті кітабы) Эфесте жазғанына және Мәриям Ананың осы жерде дүниеден озғанына сенеді. Бұл - Эфесті маңызды қылған ерекшеліктердің бірі. Қазіргі таңда христиандар қажылыққа келетін мекен ретінде қолданған Мәриям Ананың үйі, Әзіз Джонның мазарының үстіне салынған Базалика мен Мәриям шіркеуі ең маңызды жәдігерлер арасында... Сол себепті ежелгі қалаға христиан әлемінен келушілер өте көп.

Ежелгі дүниеге сапарлап, ғасырлар бұрынғы тұрмысқа куә болғыңыз келсе, Эфес сізді шақырады.



Ұқсас жаңалықтар