Гарретт Стамбулда концерт береді

Атақты музыкант әлемдік гастролі шеңберінде Түркияға келеді.

Гарретт Стамбулда концерт береді

Әлемге танымал скрипкашы Дэвид Гарретт 21 қыркүйек күні Стамбулда концерт береді.

Атақты музыкант әлемдік гастролі шеңберінде Түркияға келеді.

Көзі тірі ең беделді скрипкашы ретінде қабылданған Гарретт скрипамен 4 жасар кезінде айналысы бастады.  Бір жылда ойнауды үйренген ол сол жылы бір байқауда жеңіп шықты.

Дэвид Гарретт 7 жасар кезінде концерт бере бастады. 13 жасында екі CD жазды.

Жас музыкант Лондонда оқығаннан кейін білімін Америка Құрама Штаттарында жалғастырды.

Секундына 13 нота басу арқылы 2008 жылы Гиннесс Рекордтар кітабына енді.

Шығармашылық өмірінде 24 алтын және 16 платин күйтабақ жүлдесінің иегері атанды.



Ұқсас жаңалықтар