Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Түркия халықаралық Париж авишоуға қолтаңба қалдырды» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда Ле-Буржеде әуежайында әлемнің ең үлкен авиация және ғарыш көрмесі«Paris Air Show» (Париж авишоу) ертең ашылады. Авиация өнеркәсібіндегі соңғы жаңалықтар таныстырылатын көрмеге биыл Түрік авиация өнеркәсібі (TAI) өнімдерімен қолтаңба қалдырмақ. Түркия өзі жобалаған әуе көліктерін «Paris Air Show» (Париж авишоу) көрмесінде таныстырады. TAI тарапынан өндірілген "Hürkuş" (Хүркуш) оқу-жаттығу ұшағы қатысушылар үшін авишоуда ұшпақ. Келесі жылы көгілдір аспанмен қауышатын 12 орындықты, салмағы 6 тонна, әрі азаматтық, әрі әскери мақсатты қолданылатын T625 тікұшағы да көрмеге әкелінді. TAI өндірген «T129 ATAK» тікұшағы мен қаруланған пилотсыз ұшақ «ANKA-S» те статикалық алаңда орын алады.

Хабертүрік газеті «Америка Құрама Штаттары және Түркия арасында F-35 келісімі» атты хабар жариялаған. Араларында Түркия да бар 11 мемлекет кем дегенде 440 дана F-35 реактивті соғыс ұшағы сатып алу үшін келісті. 37 миллиард доллар құнындағы келісімнің бір рекорд екені атап көрсетілді. 2006 жылдан бері өндіріле келген және "көзге көрінбейтін" деп белгілі ұшақтардың соңғы технологиялық жабдықтары және жетістіктері ертең ашылатын Халықаралық Париж авишоу көрмесінде танытылмақ. Өткен апта F-35 сатып алғысы келген 11 елдің лауазымдылары АҚШ-тың Мэриленд штатындағы Балтимор қаласында бас қосып, F-35 ұшақтарына жабдық өндіретін «Northrop Grumman» өндіріс алаңын аралап жұмыс шарттарымен танысқан болатын. Араларында Түркия да бар Австралия, Дания, Израиль, Италия, Жапония, Голландия, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания және АҚШ-тан өкілдер қатысты.

Стар газеті «Түрік әскери жасақтары Катар армиясымен ортақ маневр жасайды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия мен Катар арасында жасалған келісімге қарағанда Катарға аттанған түрік әскери жасақтары аймаққа ұласты. Түрік әскері Катар армиясымен бірге бір қатар ортақ жаттығулар мен маневрлерді жүзеге асырады. Катардың белгілі трансляция мекемесі Әл-Жазира түрік жасақтарының аймаққа ұласқанын және Катар армиясымен бір қатар жаттығулар және маневрлер жасайтынын халықаралық қоғамға жариялады. Сауд Арабиясы, Мысыр, Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн, Йемен сияқты мемлекеттер бастаған Шығанақ елдері аптаның басында Катармен дипломатиялық қарым-қатынастарын үзген және Катарға бағытталған кейбір санкциялар жариялаған еді. Бұл мәлімдемелердің артынан Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде (ТҰҰМ) болып өткен дауыс беруде Катарға әскер жіберу шешімі бекітілген болатын.

Сабах газеті «Мейірімділік кемесі Газа секторына аттанды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Израиль басқыншылығындағы Газа секторына 10 мың 600 тонна жәрдем материалын жеткізетін 'Acqua Stella' атты кеме кеше жолға шықты. Жәрдем материалдары арасында азық-түлік материалдарына қоса ойыншықтар, велосипедтер және айтқа дайындалған киімдермен палестиналық балалар айтты жақсы өткізеді. Кемеде 18 мың 100 дана ойыншық, 32 мың дана кеңсе пакеті, 50 мың дана азық-түлік пакеті, 5 мың тонна ұн, 100 тонна піспенан мен торт, 50 мың күнделікті киім-кешектер, мың айтқа арналған киімдер және мың 10 дана велосипед бар.



Ұқсас жаңалықтар