Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер Түркияның маңызды хабарларына орын берген.

Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Түркия мен АҚШ Манбидж үшін келісті» деген хабарға орын берген.  Екі жақты кездесу үшін Мәскеуде жүрген ТР Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу АҚШ-пен 19 наурызда болатын кездесуде Манбидж жағдайының нақтылана түсетінін айтты.  Сыртқы істер министрі Чавушоғлу «бөлшектеуші террорлық ұйым Манбижтен кеткен кезде,  Америка Құрама Штаттары мен түрік әскерлері қауіпсіздікті қамдайды» деді.

Сабах газеті «Түркия Палестина премьер-министріне бағытталған шабуылды айыптады» деген хабар жариялаған.  Хабарға қарағанда,  Түркия Палестина премьер-министрі Рами әл Хамдаллахтың көлігіне бағытталған қарулы шабуылды айыптады.  Сыртқы істер министрлігінің жазбаша хабарламасында «Шабуыл барысында жарақат алғандарға жедел шипа тілеп,  оқиғаның жауаптыларының тез арада анықталуын күтеміз.  Палестиналық бауырларымыздың осындай арандатушы әрекеттерге қарсы бірлік болып қозғалуын тілейміз» деп айтылды.

Хүрриет газеті экономика хабарына орын берген. Экономикалық Ынтымақтастық және даму ұйымы OECD-нің «Экономикалық көрініс» рапорты жарияланды.  Алдынғы рапортқа қарағанда Түркия өсу болжамы 2018 жыл үшін 4,9 пайыздан 5,3 пайызға,  2019 жыл үшін 4,7 пайыздан 5,1 пайызға көтерілді.

Ватан газеті туризм тақырыбына орын берген.  Хабарға қарағанда Голландиядан Түркияға демалыс үшін келгісі келетіндер саны артты.  Голландия баспасөзінің Голландия Саяхат агенттіктері одағы деректеріне сүйеніп жариялаған хабарларына қарағанда биыл Түркияда демалуды жоспарлаған азаматтар саны артты. Голландия Саяхат агенттіктері одағы баспасөз хатшысы Түркияда демалыс жоспарлағандар санының 2017 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 90 пайыз артқынын білдірді.

Стар газеті «Отандық жүргізушісіз теңіз көлігі өндіру үшін жұмыс басталды» деген хабар жариялаған.  Мерсин Текнопарктағы OES Теңіз компаниясы жүргізушісіз теңіз көлігін өндіру жұмыстарын бастады.  Толығымен отандық өнімдерден өндірілетін теңіз көлігі бір жылдан аз уақытта аяқталады деп жоспарланды.



Ұқсас жаңалықтар