Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

Түрік баспасөзіне шолу

Хабар Түрік газеті «PYD-ні заңды бір ұйым деп қарауға қадам басу екі жүзділік» деген хабарға орын берген. Газет Әділет және даму партиясы төрағасының өкілі Нуман Куртулмуштың мәлімдемелеріне орын берген. Газеттің хабарына қарағанда Куртулмуш Америка Құрама Штаттарының бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ны террор ұйымы ретінде қарап, ал оның Сириядағы жалғасы YPG/PYD-ні заңды бір ұйым деп қарауға қадам басудың екі жүзділік екенін айтты.

Сабах газеті «ТҚК және АҚШ Манбиджте екінші ортақ әрекет бастады» атты тақырып қолданған. Газет Түрік Қарулы Күштері мен Америка Құрама Штаттары армиясының Манбидж жоспары аясында кеше ауданда екінші ортақ әрекетін жүзеге асырғанын жариялаған. Газеттің хабарына қарағанда Түрік және АҚШ әскерлері әрекетті Манбидж шеп желісі мен Евфрат қалқаны операциясы аймағындағы Саджу чайы өңірінде жүргізді. Екі ел қарулы күштері ортақ әрекетті 1 қарашада жүргізген еді.

Хүрриет газеті хабарын «Стамбул әуежайынан Бакуге алғашқы рейс ұшты» деген тақырыбымен берген. Газет Стамбул әуежайынан Әзірбайжанның бас қаласы Бакуге алғашқы рейстің ұшқанын жеткізген. Газеттің хабарына қарағанда Стамбул әуежайынан Әзірбайжанның бас қаласы Бакуге жергілікті уақытпен сағат 09.30-да Гайдар Алиев атындағы халықаралық әуежайына «Boeing – 737» типі ұшақ ұшты. Сұраныстың көптігінен алғашқы рейс 121 жолаушымен ұшты. Әзірбайжанның бас қаласы Баку сондай-ақ Түрік әуе жолдарының түркітілдес елдер арасында алғашқы ұшу бағыты болу ерекшелігіне ие.

Ватан газеті «Түрік қорғаныс өнеркәсібі өнімдері Индонезияда көрсетілді» атты хабарға орын берген. Газеттің хабарына қарағанда Индонезияда ұйымдастырылған 8-ші Халықаралық Индонезия қорғаныс жәрмеңкесіне Түркия да қатысты. Түркияның ANKA, Hürkuş, KORKUT және T-129 ATAK сынды қорғаныс өнеркәсібі фирмалары соңғы технологиялық өнімдерін көрсетуде. Индонезияның Қорғаныс министрлігінің үй иелігінде астана Джакартада басталған Оңтүстік-Шығыс Азияның ең үлкен қорғаныс жәрмеңкесі 10 қараша күніне дейін жалғасады.

Стар газеті «Отандық ұшағымыз ұлттық реактивті моторымен ұшады» деген тақырып қолданған. Газеттің хабарына қарағанда Қорғаныс өнеркәсібі басқармасының төрағасы Исмаил Демир жасаған мәлімдемесінде «Қорғаныс өнеркәсібі басқармамыз бен Түрік Мотор арасында Азаматтық соғыс ұшақты дамыту бағдарламасы аясындағы келісім жасалды. Отандық ұшағымыз ұлттық реактивті моторымен ұшады» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар