Қуыршақ театрлары Түркістанда бас қосты

Фестиваль аяғында үздіктер марапатталды.

Қуыршақ театрлары Түркістанда бас қосты

Түркі әлемі Мәдениет астанасы ретінде Түркістан және Шымкент қалаларында 5-ші Ортеке Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі болып өтті.  Фестивальді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Оңтүстік Қазақстан облыс әкімшілігі мен Түріксой Халықаралық ұйымы ұйымдастырды.

Фестиваль аясында алдымен Түрікстан қаласында фестивальдің таныстыру баспасөз мәслихаты болып өтті.  Мәслихатқа Түріксой бас хатшысы Дүйсен Қасейінов қатысты.

Артынан фестивальге келген Әзірбайжан, Түркия, Қырғызстан және Қазақстан қуыршақ театрларының, қазылар алқасының және жас көрермендердің қатысуымен фестивальдің беташары өткізілді.

Фестивальдің бірінші қойылымы ретінде Қазақстан «Серке Қожамқұлов» атындағы Жезқазған қазақ сазды-драма театрының ойыны сахналанды.

Спектакльдер мен басқа да шеберлік сағаттары Шымкент қаласында өткізілді.

Қазылар алқасының шешімімен

- «Көрермендер көзайымы» жүлдесі Серке Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ сазды-драма театрына,

- Үздік актерлік жұмыс жүлдесі Әзірбайжаннан Абдулла Шаиг атындағы мемлекеттік қуыршақ театрының актері Рахим Рахимовқа,

- Үздік актерлік жұмыс жүлдесі Шымкент қаласынан Ұлжалғас Тәшібекқызына,

-Ұлттық дәстүрлерді сақтағаны үшін  жүлдесі Түркиядан Бурса «Қарагөз» тобына,

- Спектакльдің бірегей сахналық шешімі үшін Қырғызстан Муса Жанғазиев атындағы мемлекеттік қуыршақ театрына,

- Ең үздік режиссерлік жұмыс жүлдесі Оңтүстік Қазақстан облысы қуыршақ театрының режиссері Бекболат Пармановқа,

-  Оңтүстік Қазақстан  облысы әкімінің арнайы жүлдесі «Маңғыстау аңызы» спектаклі үшін Маңғыстау облысы қуыршақ театрына,

- Үздік спектакль жүлдесі Қазақстанның «Алақай» Ақтөбе облысы қуыршақ театрына берілді.

Мәлімет Түріксой парақшасынан алынды.



Ұқсас жаңалықтар