«Орхун» процесі алмасу бағдарламасына өтініштер қабылданады

Түрік Кеңесінің «Орхун» процесі студент-оқытушы алмасу бағдарламасы жүзеге аса бастады.

«Орхун» процесі алмасу бағдарламасына өтініштер қабылданады

«Орхун» процесі алмасу бағдарламасына өтініштер қабылданады.

Түрік Кеңесі Түрік Университеттер одағы тарапынан жетілдірілген «Орхун» процесі студент-оқытушы алмасу бағдарламасы жүзеге аса бастады.

Орхун алмасу бағдарламасы алдымен Түрік Кеңесі Түрік Университеттер одағына мүше білім ордалары арасында Халықаралық қатынастар, Саясаттану, Халықаралық қатынастар және Саясат білімі кафедрасы студенттері мен оқытушылары үшін 2017-2018 оқу жылынан бастап іске асырылады.

Осы тақырыпта қатысушы университеттер арасында хаттамаларға қол қойылған болатын.

Осы бағдарламаға қатысқысы келетін студенттер мен оқытушылар өз университеттеріндегі алмасу бағдарламасы координаторларымен жолығуы керек.

Түрік Университеттер одағына қазірге Әзірбайжаннан Баку Мемлекеттік Университеті, Қазақстаннан Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық түрік-қазақ Университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті,  Л. Гумилев атындағы Еуразия Университеті,  Қырғызстаннан Түркия-Қырғызстан Манас Университеті, Халықаралық Қырғызстан Университеті, Түркиядан Ататүрік Университеті, Стамбул Университеттері мүше болып табылады.

Бағдарламаға өтініш қабылдау 23 маусым күні аяқталады.



Ұқсас жаңалықтар