Астанада боранның беті қайтты

Ал солтүстік облыстарда дауыл өз ықпалын жалғастыруда.

Астанада боранның беті қайтты
Астанада дауылдың беті қайтты
Астанада дауылдың беті қайтты

Кешегі дауыл қалада ғимараттарға зиян келтіріп,  қала ішіндегі жол қатынасынс тосқауыл қойған еді.

Бас қала Астанада сәрсенбі күні басталған қар және боран ықпалын азайта бастады.  Бірақ Павлодар,  Қарағанды, Өскемен сынды елдің солтүстік облыстарында дауыл өз ықпалын жалғастыруда.

Қазақстанда сәрсенбі күні басталған боран тұрмысқа жағымсыз әсер етуде.

Елдің бас қаласы Астанада кеше күні бойы жауған қар мен жылдамдығы сағатына 70 километрге жеткен дауылдан кейін бүгін қалада ауа райы тынышталғандай.

Кешегі дауыл қалада ғимараттарға зиян келтіріп,  қала ішіндегі жол қатынасына тосқауыл қойған еді.

Астана әкімі Әсет Исекешов  қар мен дауылдың күші азайғандықтан  бүгін мектептерде сабақ болатынын білдірді. Хабарламада ауа райы температурасының -13 градусқа, жел жылдамдығының сағатына 5-10 км болатыны айтылды.

Ауа райына байланысты кешеден бері жабық тұрған Астана-Павлодар,  Астана-Қорғалжың, Астана- Алматы жолдарын ашу жұмыстары жалғасуда.

Сонымен қатар елдің солтүстігіндегі Павлодар, Қарағанды және Өскемен секілді қалаларында қар мен боран жалғасуда.  Кейде жылдамдығы артып отырған дауыл жол қатынасына да жағымсыз әсер етуде.



Ұқсас жаңалықтар