Бердімұхаммедов Хисарджыклыоғлуны қабылдады

Түркия Палаталар және биржалар одағы төрағасы Түрікменстанда болды.

Бердімұхаммедов Хисарджыклыоғлуны қабылдады

Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхаммедов Түркия Палаталар және Биржалар одағы төрағасы Рифат Хисарджыклыоғлуны қабылдады.

Бас қала Ашғабадта кеше болған қабылдауда Түркия мен Түрікменстан арасындағы экономикалық қарым-қатынастар және жобалар қолға алынды.

Түрікменстанның Түркиядағы өкілетті елшілігінің хабарламасына қарағанда президент Бердімұхаммедов түрік фирмаларының ісіне риза екенін білдірді. «Түрікменстан әрқашан шетелдік фирмалардың ынтымақтастық ұсыныстарына ашық» деді ол.

Қабылдауда сондай-ақ өңірдің тұрақты экономикалық дамуына маңызды үлес қосатын Түрікменстан-Ауғанстан-Пәкістан-Үндістан табиғи газ құбыр желісі жобасына түрік фирмаларының да қосылуы қарастырылды.



Ұқсас жаңалықтар